Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Басшылық

Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң бастығы

Камалов Рамиль ФаткуловичКамалов Рамиль Фаткулович азаматтық қорғау полковнигі — 5 маусым 1976 жыл

Туғанжері: Торғай облысы, Есіл ауданы, Красногорский кенті

Ұлты: татар

Білімі: Жоғары. Бітірді 1996 ж. ҚР ІІМ Павлодартехникалық колледжін бітірген, 2008ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетті бітірген, оқуы бойынша мамандықтары «Ұйымдастыру және өртке қарсы қорғау техникасы»; «Стандарттандыру, метрология и сертификациялау»

Мемлекеттік марапаттары: «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, ІІ және І дәрежелі медальдары; «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі; «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі; «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі.

Жұмыс орындары:

09.1993ж. — 02.1996ж. ҚР ІІМ Павлодар техникалық колледжінің курсанты;

02.1996ж. — 01.1998ж. Ақмола облысы ІІБ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының №84 жекешелендірілген әскерлендірілген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өртті бақылау инспекторы;

01.1998ж. — 04.1998ж. Ақмола облысы МӨҚҚ №19 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инспекторы;

12.1998ж. — 07.1999ж. Астана қаласының МӨҚҚ №7 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы;

07.1999ж. — 01.2001ж. Астана қаласы, «Өрт сөндіруші» РМК филиалының №7 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері;

10.2001ж. — 11.2002ж. Астана қаласының «Өрт сөндіруші» РМК №11 филиалының №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы;

11.2002ж. — 02.2005ж. Астана қаласы «Өрт сөндіруші» РМК филиалының өрт сөндіру тобының бас маманы;

02.2005ж. — 09.2006ж. ҚР ТЖМ ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бас маманы;

09.2006ж. — 03.2009ж. ҚР ТЖМ Өртқе қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімінің бас маманы;

03.2009ж. — 04.2010ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бас маманы;

04.2010ж. — 11.2010ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бастығы;

11.2010ж. — 10.2014ж. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары басқармасының бастығы;

10.2014ж. — 16.01.2015ж. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өрт сөндіру қызметін ұйымдастыру бойынша басқармасының бастығы;

16.01.2015ж. — ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД бастығының орынбасары, Ақтау қаласы;

05.06.2017 ж. — ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Петропавл қаласы.


Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментi бастығының орынбасары

Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы

Атығаев Нұрлан Бауыржанұлы — 31.05.1978 ж.т., қазақ, бiлiмi жоғары, 2001 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын аяқтаған, өрт қауiпсiздiгiнiң инженерi.

Нұрлан Бауыржанұлы 1999 жылдан бастап ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқытушы және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды, 2009 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында СҚО ТЖ департаментiнiң Тайынша ауданы Төтенше жағдайлар бөлiмiн басқарды.

2011-2014 жылдар аралығында СҚО ТЖД Мемлекеттiк өрт бақылау Басқармасының бастығы болды.

2014 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы IIМ ТЖК Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментiнiң өрт қауiпсiздiгi саласында Бақылау және алдын-алу қызметi Басқармасының бастығы лауазымын атқарды.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖ Департаментi бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Н.Б. Атығаевтың мемлекеттiк өрт бақылау саласында жұмыс тәжiрибесi мол, ол ауылдық аумақтарда өрт сөндiру кезiнде ерiктiлердiң қатысуын үлгi ретiнде таратып, халық арасында өрттердi алдын-алуға инновациялық әдiстердi енгiзу бойынша, облыс аумағында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша Департаменттiң қызметiн одан әрi жетiлдiру бойынша бiршама бастамашылық танытты.

2017 жылы полковник Атығаевтың басшылығымен СҚО ТЖД өрт қауiпсiздiгi саласындағы бақылау және алдын-алу қызметi басқармасы «Үздiк мемлекеттiк өрт бақылау басқармасы» атты республикалық конкурста бірінші орынға ие болды.

Нұрлан Бауыржанұлы өзiн бастамашыл, талапшыл, мақсатшыл басшы ретiнде жақсы жағынан көрсете бiлдi.

III және II деңгейлi «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мiнсiз қызметi үшiн» медалiмен, І деңгейлі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлар жүйесiн дамытуға қосқан үлесi үшiн» кеуде белгiсiмен марапатталған.

Үйленген. Екi баласы бар.


Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жкғдайлар департаментi бастығының орынбасары

Сарыбаев Ерік Темірханұлы

Подполковник Сарыбаев Ерiк Темiрханұлы — 28.05. 1976 ж.т., қазақ, бiлiмi жоғары, 1998 жылы Оңтүстiк Қазақастан университетiн, 2013 жылы Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын аяқтаған, «Өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс», «Әскери бөлiмдер және құрамаларды басқару» бiлiмi бойынша мамандықтары бар.

Ерiк Темiрханұлы 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаруланған күштерiнде, соның iшiнде ҚР IIМ әскери бөлiмдерде басшылық лауазымындажұмыс iстедi.

2009 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесiнде қызмет етедi. 2010 жылдың мамыр айында Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң Азаматтық қорғаныс басқармасының азаматтық қорғаныс iс шараларын бақылау бойынша бөлiм бастығы лауазымын атқарды, ал сол жылдың қарашасынан бастап Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi авариялық-құтқару қызметтерi бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалды.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстiка Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Шымкент қ. Төтенше жағдайларды жою бөлiмiнiң бастығы, ал 2013 жылдың тамызынан бастап ҚР IIМ ТЖК Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Шымкент қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2016 жылдың тамыз айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін СҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары лауазымында.

Сарыбаев Ерiк Темiрханұлы ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметiнде тәжiрибесi бар, жұмысының әр учаскесiнде өз iсiнiң кәсiпқойы ретiнде көрсеттi.

«ҚР Қарулы күштеріне 10 жыл» медалімен, «ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл» медалімен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен, «За содружество во имя спасения» Ресей ТЖМ АҚА әскери қызметшілерінің естелік медалімен, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»– медалімен, «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Үйленген.

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2015 14:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2017 15:17