Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Өртке қарсы қызмет

Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері бойынша және бару арқылы жүргізілетін бақылау және қадағалаудың өзге де нысандарының міндетті ведомстволық есептілігі өрт қауіпсіздігі саласында 2017 жылдың мамыр айына бойынша (ZIP 14 Kb)

2017 жылғы 1 тоқсанға «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-қызметтік анализі

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау» №118 Заңына сәйкес өрт сөндіру қызметінің негізгі міндеттерінің бірі өрт сөндіру, авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстары болып келеді.

Солтүстік Қазақстан облысының азаматтық қорғау күштерінің құрамына штаттық саны 738 жеке құрамнан тұратын 27 өрт сөндіру бөлімшелері кіреді. Мемлекет жарағында 136 бірлік өрт сөндіру техникасы бар, соның ішінде 83 негізгі, 13 арнайы, 40 бірлік қосымша.

Ағымдағы жылдың тоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 152 өрт болды, 8 млн. астам теңгеге залал келтірілді, 2017 жылмен салыстырғанда өрттің саны 8,4% азайтылды.

Тіркелген өрттердің жалпы санынан, 56 өрт облыс орталығының Петропавл қаласында болды, облыстың қалаларында 15 тіркелді, ал ауылдық жерлерде 81 өрт. 2017 жылдың есептік кезең аралығында 7 өртке (өрттің жалпы санынан 5%) мекеменің бөлімшелері шақырылмай, әскери емес өрт сөндіру жасақтарымен және тұрғындармен сөндірілді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 5 жыл аралықта тіркелген өрттердің саны

Есепті кезеңде өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерді жою үшін дабыл бойынша 145 рет шықты, 2016 жылға қарағанда 9% аз келді (158 рет). Мекеменің күштері мен құралдары авариялық-құтқару жұмыстарын атқару үшін 50 рет жұмылдырылды.

Бөлімшелердің өрттерге, авариялық-құтқару жұмыстарына және жалған шақыруға шығу динамикасы.

Өткен жылдармен салыстырғанда жалған шақырулар саны айтарлықты артты. 2017 жылы бірінші тоқсанында бөлімшелермен 1 жалған шығу болды, бұл өткен жылға қарағанда (2016 жыл – 2 рет) 50% аз. Жоғарыда айтылған деректерге тиісті мәліметтер жиналды және процессуалды шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының ІІБ және АІІБ тергеуге алуға берілді.

Облыстың елді мекендерінде өрт сөндіру бойынша
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің жауынгерлік іс әрекет жиынтық кестесі

№п/п Наименование 2016 г. 2017 г.
1 Выезда дежурных караулов по тревоге, из них 1866 1804
а) На пожары 158 145
б) Аварийно-спасательные работы 89 50
в) Случаи горения, не подлежащие учету как пожары 91 79
г) Ложные 2 1
2 Пожарно-тактические учения, занятия 20/202 12/178
3 Спасено / эвакуировано людей (всего) 6/80 3/239
4 Погибло людей на пожарах (всего) 8 18
4.1 В том числе детей 1 1
5 Пожары, потушенные ДПД, населением и др. 15 7
6 Общая сумма ущерба от пожаров (тыс.тенге) 13 463, 850 8 337,000


Ағымдағы жылда облыс орталығының аумағында 1 ірі өрт болды 2017 жылғы 06 ақпанда жұмыртқаларды тасымалдау және сақтау үшін қағаз картонды жаймаларды өндіру бойынша цехінде 400 ш,м көлемінде өрт болды, мекен жайы: Қызылжар ауданы Прибрежное селосы, Дербес көшесі 6 үй. Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы «Өрттерді зерделеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №110 бұйрығына сәйкес гарнизонның барлық басқарушы құрамымен өрттің талдауы өткізілді. Қорытындылары бойынша бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыру мақсатында техникалық және ұйымдастырушы жиынтығы өткізілді:

Қарауыл бастықтарымен, радиотелефонисттермен және оларды алмастырушы тұлғалармен өрт орнынан жедел ақпаратты хабар беру және радиоалмасудың жүргізу тәртібіне қатысты қосымша сабақтар өткізілді;

Елді мекендердің карточкалары түзетілді, сонымен қатар ЕӨСЖ өрттерге жұмылдырылуы бойынша жұмысы белсенді жүргізілді. Күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарлары түзетілді;

Өрт сөндіру жоспарларын және карточкаларын әзірлеу үшін жаңадан ашылып жатқан объектілерінің мониторингі жүргізілді.

Облыс өңірі бойынша барлық аудандарда өрттердің саны кеміген, Қызылжар және Тайынша аудандарын қоспағанда, сондағы өткен жылмен салыстырғанда өрттер саны тиісінше 23%, 64% артты. Өрт санының өсуі Тайынша ауданында болды, егерде 2016 жылы аудан өңірінде 11 өрт болса, 2017 жылы 18 өрт тіркелген, бұған қарағанда өрттер саны 64% өсті.

Өрт ретінде есепке алмайтын жанулардың облыс бойынша саны өткен жылмен салыстырғанда 14% азайған.

Өрттің жетістікті сөндірілуі және материалдық залалдың азайуы, өрт орнына жүру жолының уақыты және жою уақыты болып келеді.

2017 жылдың өткен кезеңінде 60 % өрттерге мекеме бөлімшелері 10 минутқа дейін келді, бұл өрттің ірі мөлшерлерге таралмайынша сөндіруді дер кезінде ұйымдастыруна әкелді және отпен материалдық залал келтіруін азайтты. 1 тоқсан ішінде өрт орнына бірінші бөлімшенің орташа жүру уақыты облыс орталығында 6,6 минут, ал ауылды мекендерде 19,4 минут құрады.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің өрт орнына жүру уақыты (пайызда)

Мемлекеттік өртке қарсы органдары бөлімшелерінің жоқ болуынан және аудандық орталықтарынан алшақ келетін ара қашықтықта болған өрттердің саны 6 % азайды, ауылды жерлерде өрт орнына бірінші бөлімшенің орташа жүру уақыты 2016 жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда 6% артты және 19,5 минут құрады.

Өрт сөндіру уақыты (пайызда)

Отыз минуттан артывқ сөндірілген өрттердің саны айтарлықтай көбейді, аудандық бөлімшелердің шығу радиусы нормативті талаптардан айтарлықтай асырады, және де кезекші қарауылдың саны маңызды рөл атқарады. 2017 жылдың 1 тоқсанында 30 минуттан артық 99 өрт (өрттің жалпы санынан 69%), 2016 жылдың үйлес кезеңінде 32 өрт сөндірілді (20%).

Өрт сөндіру кезінде аудандық бөлімшелеріндегі жеке құрамы 3-4 адамнан аспайды, соның себебінен сөндірудің уақытында және басқа жауынгерлік әрекеттердің бір уақытта орындалуында айтылады.

Өрт сөндіру бекеттеріндегі кезекші қарауылдың штаттық саны 3 адамнан құрайды, соның себебінен олардың өрт орнына келу кезінде өрт сөндіру техниканың тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемінде орындауға мүмкіндік берілмейді, және де өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің имиджінде кемшілікті көрінеді.

Барлығы Солтүстік Қазақстан облысының гарнизонында 2017 жылдың есеп кезеңінде бір қарауыл күшімен 88 өрт сөндірілді (жалпы санынан 58%).

Автоцистернадан бір оқпанмен 62 өрт сөндірілді немесе 41%. Берілген мәлімет осындайларға көрсетіледі, аудандық бөлімшелердің жеке құрам санының жетіспеуінен көп оқпандар санын беру мүмкіндігі әрдәйым берілмейді. Көптеген жағдайда өрттердің сөндірілуі қолайсыз жадайларда жүргізіледі, мұндай мәліметтердің бірі болып өртке қарсы су жабдығының жағдайы нашар болуы.

2017 жылдың есеп кеңінде 3 өрттерде ауа-механикалық көбігі қолданылды.

Өткен жылдың мерзімі бойынша өрттерді зерттеу қызметкерлері өрттерге 46 рет, өрттің пайда болмай зиянды газбен уалануға 2 рет, оттың тарауысыз қысқа тұйыққа 12 рет шықты. 2016 жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда шығулар 8,4%, қорытындылар берілуі 13,4% көбейді. Себебі 2017 жыл ішінде ТЖБ инженерлі-инспеторлық құрамымен өрттерді зерттеу бойынша мамандарымен қаулыларды шығару туралы тәртібі бойынша сабақтар өткізілді. Өрттің негізгі пайда болу себептері тұрғылықты мекенде. Өрттерді зерттеу бойынша мамандарымен 30 қорытындылар дайындалған, соның ішінде 23 өрт тұрғылықты мекенге, 2016 жылы 26 қорытындыдан 16 өрт тұрғылықты мекенге келген.

Өрттерді зерттеу бойынша аналитикалық жұмыс нәтижесінде өрттердің шығу себептері негізінен, олар:

  • электр сымдарының қысқа тұйылуы — 12.
  • жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы — 10.
  • қуаты аз от көзінің түсуі — 3.
  • отпен абайсыз қолдану — 0.
  • себебін орнатуға мүмкіншілігі болған жоқ — 3.

Зерттеу нәтижелері бойынша өрттердің негізгі себептері қысқа тұйық, өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы, жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы болып келетіні анықталды. Бұл ескі үйлерде сымдардың ескіргені екендігіжәне пештердіңжәне түтіндіктердің жарамсыздығынан болғанын түсіндіреді. Осы кемшіліктермен бірге халықта өрт қауіпсіздік ережелерін білу деңгейі нашар, соның себебінен өрттердің пайда болу себептері көп.

Өрт себептерін және от көздерін анықтау үшін жану құрал аспаптары қолданылды.

Өткізілген анализ 2017 жыл мерзімінде құрал аспаптарының қолданылуы 2016 жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда 30,3% азайғандығын көрсетті. Бұл «Өрттерді зерттеу үшін жабдық комплектін» АКО-2-01-ЭП өрттерде қолдануға мүмкін емес, өйткені басылған күйе өрт кезінде жанып кетеді, ал Е6-13А Тераомметр құралы ҚР өлшем тізіміне қосылмаған. Осыдан басқа жүргізуші құрамның тәуліктік кезекшілігі орнатылмаған, осыған орай өрттерге дер кезінде шығу мүмкін емес. Өрттерге келесі күндері ТЖБ инженерлерімен бірге шығуына мәжбүр, бірақ фотоионизациалы газоанализатор «Колион-1В», Анализатор-течеискатель АНТ-3М құралдарын қолдануға мүмкіншілік болмайды, өйткені ЖЖС және ГЖ тәулік мерзімінде буға айналады. УД2Н-ПМ-ЭП «ультрадыбысты алдын ала тексеру жиынтығы» құралы бетонды және темір бетонды ғимараттарда болған өрттерде қолданылады.

2013-2017 жылдары өрттерде қаза болған адамдардың статистикалық саны

2013-2017 жылдары өрттерде қаза болған адамдардың статистикалық саны

2017 жылғы 1 тоқсан ішінде өрттерде 18 адам қаза болды, соның ішінде 1 бала. Адамдардың негізгі саны өрт сөндіру бөлімшелерінің келуіне дейін қаза болады.

2017 жылы өрттерде 3 адам құтқарылып 239 адам эвакуацияланған.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерімен сөндірілген негізгі өрттердің саны есепті кезеңде тұрғын секторларға келеді – 127 (84%), соның себебінен халықтың өрт қауіпсіздік талаптарын немқұрайлы қарау нәтижесінен болады.

2017 жылы бірінші тоқсанда еркін өрт сөндіру жасақтары 34 өрттің сөндіруіне қатысты, облыс аумағында болған өрттердің жалпы санынан 28% құрайды (2016 жылы - 23%). ЕӨСЖ және тұрғындармен 7 өрт, өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен бірге 27 өрт сөндірілген. Өткен жылдармен салыстырғанда өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде еркін өрт сөндіру жасақтарының өрттерді сөндіруге қатысуы оң нәтиже көрсетеді. Берілген мәлімет жергілікті органдармен бөлімше басшыларының жұмысын көрсетеді.

Бұл бағытта ауылды округтарда ЕӨСЖ сапасыз жұмысы бойынша әкімшілікке хаттардың жіберілу практикасы жақсы көрсетіледі.

2017 жылдың 1 тоқсанында тұрғын секторда сақтандыру шараларын күшейту бойынша жұмыс алғашқы бағыт болып анықталды. Ішкі істер органдарымен бірлесіп, нашар тұратын отбасылар үйлеріне рейдтер жасалды, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (радио, баспасөз, телевидение) халық арасында үгіттеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын секторда өрттердің алдын алу аясында өрт қауіпсіздігі бойынша «айлықтар» өткізілді. Өрт сөндіру бөлімшелердің жеке құрамы аудандардың ТЖБ және Петропавл қ. ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын сектордағы үйлерді аралады. Тұрғын үй иелерімен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сақтандыру жұмыстарын жүргізу кезінде 57 мыңнан артық үйлер араланды, 129 мың адаммен әңгімелесулер жүргізілді, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша 65 мыңнан артық жаднамалар берілді. Жиындар 204 рет болды, ондағы адамдардың саны 10841. Еркеше көңіл жағдайлары нашар отбасыларына бөлінде, сонымен қатар ғимараттардың нашар күйіндегі үйлерге назар аударылды. Сонымен бірге үй иелерімен тұрмыста өрт қауіпсіздігі туралы түсініктер берілді.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағы күртік қар, су тасқыны, сондай-ақ табиғи өрттер мен жанулар сияқты табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыш. 2017 жылдың өткен кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға 50 шығу жасалды, бұл 2016 жылға қарағанда 55% кем (2016ж-109). Оларды жүргізу кезінде 9 адам құтқарылды және 102 адам эвакуацияланды. Қосалқы инженерлік техника (бульдозер, шнекороторлы қар тазалағыш, автогрейдер) автомобиль жолдарын күртік қардан тазалауға жұмылдырылды. Берілген техникамен барлығы күртік қардан техниканың 27 бірлігі босатылды.

Ағымдағы жылда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су тасқыны салдарының мүмкіндігін жою мақсатында бөлімшелердің жеке құрам арасынан 200 адам және 35 бірлік техникасын құрайтын топтар құрылған. Қазақстан Республикасы облыстың аусақтарында су тасқыны салдарының мүмкіндігін жоюда көмек көрсету үшін 29 адам және 3 бірлік техникасын құрайтын «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдар топтары құрылған.

Өрт қауіпті кезеңіндегі техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет ету үшін жүру мүмкіндігі жоғары техниканың 27 бірлігі дайындалған. Өрттердің ұзаққа созылу кезінде жеке құрамды тасу және зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жүру мүмкіндігі жоғары техниканың 6 бірлігі дайындалған: УРАЛ (3255) базасындағы «Вахтовка», екі «Вахтовка»: КамАЗ (43114), екі «Вахтовка»: КамАЗ (43118) және ЗИЛ (131) «Кунг».

Өрт сөндіру автомобильдеріне су құю үшін қыс мерзіміне дайындалу кезеңінде облыс орталығының 10 сорғы станциясын өрт сөндіру жеңдерімен жалғайтын шүмектермен жабдықтау туралы мәселе қарастырылды. Осы сумен қамтамасыз ету көздерін кедергісіз пайдалану үшін өрт сөндіру қызметінің жауапты қызметкерлеріне станциялардан кілттер тапсырылды.

Кәсіби даярлық мектебінде мекеменің 88 қызметкері оқыды. СҚО ҚАЖД қызметкерлерімен (16), СҚО ТЖД қызметкерлерімен (13) «Өрт ісі» бойынша 2 оқу-әдістемелік жиындар өткізілді.

Тактикалық арнайы дайындығының жүйесіндегі сабақтар өңделген тақырыптық жоспарлардың және нормативті құжаттардың негізінде өткізілді. Тактикалық арнайы дайндық бойынша сабақтар өткізу барысында өрт-тактикалық дайындығына және өрт құтқару дайындығының нормативтерін тәжірибелік өтеуіне ерекше көңіл бөлінді. 2017 жылдың басынан бөлімшелер нормативтердің тәжірибелік өтеуге және сабақ кестесі бойынша 1441 рет шықты.

Өрт тактикалық сабақтар мен жаттығулардың өткізу анализі

Өрт тактикалық сабақтар мен жаттығулардың өткізу анализі

Бөлімшелердің ұдайы жауынгерлік дайындығын ұстау мекеме жұмысының негізгі міндеті болып келеді. Сол үшін 1 тоқсанда 12 өрт-тактикалық жаттығулар және 178 сабақтар жүргізілді, 403 өрт сөндіру карточкаларының және 200 жоспарларының түзетілуі орындалды, су көздерінің анықтамалық кітаптарына және планшеттерге тиісті өзгерістер енгізілді.

2017 жылдың 1 тоқсанында СҚО аумағында «Көктем-2017» РКШЖ жаттығулары өткізіліп, өртке қарсы қызмет бөлімшелері оларғ белсене қатысты.

2017 жылыдың 1 тоқсанында облыстың өрт сөндіру бөлімшелері, Солтүстік Қазақстан облысының күш ведомстволарымен, коммуналдық, медициналық және өзге де өзара әрекеттесу қызметтерімен бірлесіп, түрлі жоспарлы шаралар аясында барлығы 5 лаңкестікке қарсы жаттығу және 10 тактика-арнайы жаттығу өткізді (Гонг, РКШЖ және т.б.).

Тактика-арнайы және лаңкестікке қарсы жаттығуларға қатысуға өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің жұмылдырылуына талдау

Гарнизонның мекемесінде газ-түтіннен қорғау қызметін жетілдіру бойынша жоспарланып жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта он бір ауданда (он үштен) газ-түтіннен қорғау қызметі құрылды, бақылау бекеттері жабдықталды, жеке құрам дайындықтан өтті және дем алу органдарын қорғау құралдарымен жабдықталды. Жүргізілген жұмыстардың арқасында ГТҚҚ 16-17 буыны тәулік сайын жауынгерлік кезекшілікке түседі, олар 2017 жылдың 1 тоқсанында 36 өрт жойды, 2 адам құтқарды және 221 адамды эвакуациялады. Тимирязев және Уәлиханов аудандары ГТҚҚ жабдықталмаған.

Оңтайландырғыштық ұсыныс саласында Петропавл қ. 3-МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Ж. Хаирлинмен өрт жендерін домалату станогы жиналған. Қазіргі кезде станок Петропавл қ. 3-МӨСБ жеке құрамымен қолдануда, ол бөлімшенің жеңдер шаруашылығының техникалық қызмет атқару уақытын қысқартады және жеңілдетеді.

2017 жылғы есеп кезеңінде «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметтік автомобилімен қызмет кезінде жол-көлік уақиғалары тіркелмеген.

Тактикалық-арнай дайындық бойынша сабақ өткізу кезіне қауіпсіздік техникасына ерекше көңіл бөлінеді.

Полицияның әкімшілік басқармасы өкілдерімен бірлесіп өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші құрамымен жол жүру оқиғаларын болдырмау, жүргізушілердің шеберлігін және білім біліктілігін жетілдіру бойынша 2017 жылғы өткен кезеңнің ішінде барлық қалалық және аудандық бөлімшелерде кәсіби сабақ саласында өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізуші құрамынан басқа жеке автокөлігі бар қызметкерлермен 93 сабақ, жоспардан тыс 57 сабақ өткізілді. Жол-патрульдік және әкімшілік полиция өкілдерімен 28 профилактикалық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы «Өрттерді зерделеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 110 бұйрығының талаптарына сәйкес облыстың бөлімшелерінде 2 өрт сипаттамалары құрастырылды, жауынгерлік әрекетер карточкаларын құрастырылуымен 31 ерекше өрттердің зерттелуі орындалды (2016 жылы 146 талдау).

Талдаулардың қорытындысы бойынша барлық бөлімшелерге жіберілуімен бірге өрт сөндіру тактикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар құрастырылады.

2017 жылдың 2 тоқсанына басым міндеттер

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін жетілдіру және алдағыда даму мақсатында қажет:

  1. Өрт қауіпті кезеңіне қатысты даярлық шаралар өткізу;
  2. ІРІ масштабты орман және дала өрттеріне қатысты шекарааралық төтенше жағдайлардың жою салдары бойынша Ресей ТЖМ бөлімшелерімен өтетін бірлескен жаттығуларға қатысу;
  3. Өрт-құтқару спорты бойынша чемпионатқа қатысу үшін жасөспірімдер құрамасын дайындау бойынша жұмыс ұйымдастыру;
  4. Бөлімшелер бойынша «Өртке қарсы бөлімшелерінде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы» тақырыбына семинарлық-кеңестер өткізу;
  5. Басқа бөлімшелерде психологиялық от жолын құрастыру бойынша мәселесін қарастыру.

«Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi (Петропавл қаласы)» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Қызмет) Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында мемлекеттiк өрт сөндiру функцияларын жүзеге асыру және өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн құрылған заңды тұлға мәртебесiне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қызмет «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Жарлығына және «Ұйымдастыру-штаттық мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы IIМ 2014 жылғы 27 қазандағы №737 бұйрығына сәйкес құрылған.

Қызметтi мемлекеттiк басқару органы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi (бұдан әрi — Уәкiлеттi орган) болып табылады.

Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң (бұдан әрi — Министр), Төтенше жағдайлар комитетiнiң (бұдан әрi — Комитет) бұйрықтарына, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Уәкiлеттi органның бұйрықтарына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

Қызметтiң негiзгi мiндеттерi: қоныстандырылған аумақтарда, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлер мен мемлекеттiк меншiктегi тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде күзету және өрттердi сөндiру бойынша қызметтi қамтамасыз ету, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларды жоюмен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу болып табылады. Қызметтiң заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 150009, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ., Ғ. Мүсiрепов к-сi, 32 «А».

Қызметтiң толық атауы — «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Төтенше жағдайлар комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң Өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметi (Петропавл қаласы)» мемлекеттiк мекемесi.

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2016 10:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.06.2017 17:55