Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Мемлекеттік қызметке түсу тәртібі

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарына қызметке орналасу кезiнде конкурс пен тағылымдама өткiзу қағидаларына сәйкес

1. Жұмысқа қабылдауға өтiнiш берген сәтте он сегiз жасқа толған және жиырма бес жастап аспаған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады. 

2. Конкурс жарияланғанға дейiн азаматтар СҚО Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 38 (облыстық мәслихат) мекенжайы бойынша орналасқан Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi департаментiнде жеке қасиеттерiн бағалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын (Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметi туралы», «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» ҚР заңдары, мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексi) бiлуге тестiлеуден өтедi.

Тестiлеуге қатысу үшiн кандидаттар тестiлеу күнiнен бiр күн бұрын «электрондық үкiмет» немесе ХҚКО-ның веб-порталы арқылы өтiнiш беру керек. Кандидат ХҚКО барған кезде оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиiс.

3. Тестiлеуге жазылғаны туралы ақпарат түбiртекпен нақтыланады.

4. Кандидат оның өтiнiшiнде көрсетiлген құқық қорғау органдарының лауазымдар санаты (С-SV-13 үшiншi санат) бойынша құқық қорғау қызметiне алғаш рет түсетiн азаматтарды тестiлеу бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге тестiлеуден өтедi.

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейi тестiлеуден өту-өтпеуiне әсер етпейдi.

6. Тестiлеуге жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар кандидаттар қатыса алады.

7. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тестiлеудi тапсырғаны туралы сертификаты бар кандидаттар СҚО Петропавл қ., Ғ. Мүсiрепов көшесi, 32 «А») мекенжайы бойынша орналасқан «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр жұмысы бөлiмi азаматтарға қажеттi құжаттардың тiзiмiн бередi, бiлiктiлiк талаптарын түсiндiредi және қызметке жарамдылығын анықтау үшiн IIБ әскери-дәрiгерлiк комиссиясына, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның iшiнде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолданады.

8. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Анықтама телефоны: 8(7152)52-26-36, 50-01-76.

Третья программа тестирования на знание государственного языка и законодательства
Наименование Кол-во вопросов
Тест на знание государственного языка (пороговые значения не установлены) 20
Тесты на знание законодательства:  
Конституция РК 15
Закон «О противодействии коррупции» РК 15
Закон «О правоохранительной службе» РК 15
Закон «Об органах внутренних дел РК» РК 15
Этический кодекс государственных служащих РК (Правила служебной этики госслужащих) 15
   
Пороговые значения прохождения тестирования не менее 35 правильных ответов от общего количества вопросов (75) по всем НПА и не менее 5 правильных ответов по каждому НПА Время на выполнение тестов: 20 мин (на знание государственного языка), 60 мин (на знание законодательства)
Вторая программа тестирования на оценку личных качеств кандидатов
Тесты на выявление уровня: Кол-во заданий (макс. балл) Зоны риска
инициативности 12 (4) 1,5
коммуникативности 12 (4) 1,5
аналитичности 12 (4) 2
организованности 12 (4) 1,5
этичности 12 (4) 1,5
ориентации на качество 12 (4) 1,5
ориентации на потребителя 12 (4) 1
нетерпимости к коррупции 12 (4) 2
Общее время на выполнение тестов по второй программе составляет 75 минут. К тестированию на оценку личных качеств допускаются кандидаты, получившие сертификат по тестированию на знание законодательства с результатами выше пороговых значений.

Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған Қағидалары (ZIP 249 Kb)

«Құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидаларын, бағдарламаларын және оны ұйымдастыруды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №1 бұйрығы (ZIP 63 Kb)

«Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының конкурстық негiзде орналасатын лауазымдар тiзбесiн, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарына қызметке орналасу кезiнде конкурс пен тағылымдама өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығы (ZIP 29 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2016 12:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.05.2017 11:53