Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Құпиялылық саясаты туралы жадынама Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің ресми интернет-ресурсына кіретін пайдаланушылардың жеке деректерінің құпиялылық саясаты

Жалпы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментiнiң (бұдан әрi — Департамент) Департаментiн http://www.chs.sko.kz ресми интернет-ресурсының(бұдан әрi — интернет-ресурс) лiрушiлердiң құқықтарыны құрметпен қарайды.

Осы «Құпиялылық саясаты» тек қана Департаменттiң http://www.chs.sko.kz интернет-ресурсына ғана және бiздiң интернет-ресурсымызда өзiңiз көрсеткен ақпаратқа ғана жүредi, басқа ешқандай интернет-ресурсқа жүрмейдi және бiздiң интернет-ресурсқа сiлтеме көрсетiлген веб-сайттарға қолданылмайды.

Ақпаратты жинақтау

Департаменттiң интернет-ресурсы қызметтерiн пайдалану үшiн тiркелу кезiнде Сiз атыңыз, электрондық поштаңыздың мекенжайы сияқты дербес деректердi көрсетесiз. Департаменттiң интернет-ресурсына кiрген кезде бiз сiздiң провайдерiңiздiң доменiн, елдi және таңдалған бiр беттен екiншi бетке өтудi анықтамыз. Интернет-ресурста бiз алған мәлiметтер бiздiң интернет-ресурсымызды пайдалануды жақсарту және жеңiлдету үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Мысалы:

егер сiз RSS таратуды пайдаланғыңыз келсе, соған жазылу мүмкiндiгiн беру;

сайтты пайдаланушылар үшiн неғұрлым ыңғайлы тәсiлмен ұйымдастыру.

Тiркелу рәсiмiнен өтпей-ақ бiздiң интернет-ресурсымыздың мазмұнын қарауға болады. Интернет-ресурсымызда сiз интернет-ресурсқа кiрген немесе тiркелген кезде ерiктi түрде ұсынған ғана ақпарат жиналады.

Басқа сайттарға сiлтеме

Бiздiң интернет-ресурста басқа да пайдалы және қызықты ресурстар болуы мүмкiн. Егер Сiз сол сiлтемелердi пайдаланған болсаңыз, бiздiң сайттан шығу үшiн, бiздiң басқа интернет-ресурсттарды бақыламайтындығымызды бiлуiңiз керек. Сондықтан осындай интернет-ресурстарды ашқан кезде Сiз ұсынған кез-келген ақпаратты қорғауға және құпиялы болуына жауапты болмаймыз, себебi бұл интернет-ресурстар осы құпиялық саясатпен реттелмейдi.

Қауiпсiздiк

Рұқсатсыз кiрудiң немесе жария етудiң алдын алу мақсатында интернет-ресурста бiз жинайтын ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн бiз тиiстi физикалық, электрондық және басқару рәсiмдерiн енгiздiк.

Бiз сооkies-тi қалай зерттеймiз

Сооkies — бұл Сiздiң компьютерiңiздiң қатты дискiсiне орналастыруға сұранатын шағын файл. Сiз келiсiм бергеннен кейiн файл қосылады, сооkies интернет-трафиктi талдауға және Сiздiң белгiлi-бiр сайтқа қашан кiргенiңiздi бiлуге мүмкiншiлiк бередi.

Тұтастай алғанда, сооkies бiзге Сiз үшiн қандай парақтардың пайдалы, пайдасыз екенiн бақылап отыруға мүмкiншiлiк бередi. Сооkies сiздiң бiзбен бөлiскiңiз келген деректерден басқа Сiздiң компьютерiңiзге немесе Сiз туралы ақпаратқа кiруге рұқсат бермейдi.

Сiз сооkies-тi қабылдауыңызға немесе қабылдамауыңызға болады. Веб-браузерлердiң көбi сооkies-тi автоматты түрде қабылдайды, бiрақ Сiз өзiңiзге қолайлы етiп реттеуiшiңiздi өзгерте аласыз.

Бiз сонымен қатар бiздiң интернет-ресурстың техникалық мүмкiншiлiктерiн бағалау және сайтқа кiрушiлердiң санын есептеу үшiн веб-сервердi есепке алудың стандартты журналын пайдаланамыз. Бiз бұл ақпаратты қанша адам сайтқа кiретiнiн анықтау үшiн және пайдаланушылар үшiн қолайлы етiп ұйымдастыруға, сондай-ақ интернет-ресурстың пайдаланылатын браузермен барынша ықтимал сәйкестiгiн қамтамасыз ету үшiн және пайдаланушыға пайдалы ақпаратты ұсыну үшiн қажет.

Бiз жекелеген сайтқа кiрушiлер туралы емес, сайтымыздағы орын ауытырулар жөнiндегi мәлiметтердi ғана пайдаланамыз, сондықтан ешқандай жеке ақпарат сқталмайды және пайдаланылмайды. Сайт материалдарын cookies-тi пайдаланбай-ақ қарау үшiн, браузерiңiздi cookies-тi қабылдамайтындай етiп, не болмаса олардың жiбергенi туралы хабарлайтындай етiп баптауыңыз керек.

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2016 10:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.09.2016 10:55