Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ (ZIP 68 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы (ZIP 69 Kb)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніңдегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (ZIP 707 Kb)

Департамент жеке құрамымың арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқык бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары (ZIP 1398 Kb)


2017 жылғы 1 жарты жылдықта СҚО ТЖ Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылл бойынша қабылданған шаралар туралы

СҚО Төтенше жағдайлар департаментімен құрылымдық бөлімшелер мен бағыныстағы мекемелерде тәртіпті, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылды нығайту бойынша қажетті тәжірибелік іс–шаралар қабылданады. Кәсіби дайындық бойынша сабақтарда қызметкерлердің құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына бағытталған тақырыптық сабақтарға ерекше назар аударылады. Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл бойынша салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жоспар бекітілді.

2017 жылғы 1 жартыжылдықта жемқорлыққа қарсы тақырыпта келесі іс–шаралар ұйымдастырылып өткізілді: 1 телеарнада сөйлеу, СҚО ТЖД сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында 10 мақала. Кәсіби дайындық шеңберінде жемқорлыққа қарсы бағытталған 7 іс-шара, оның ішінде, 4 дәріс, 3 семинар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро, «Нұр Отан» партиясы, СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл департаменті өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Бос лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Конкурсанттар міндетті түрде полиграфологиялық жерттеуден өтеді және үміткерлерді іріктеу кезінде нәтижелері есепке алынады.

Әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуға конкурстық іріктеу өткізу кезінде міндетті түрде қадағалаушылар мен сарапшылар, СҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің мамандары шықырылады. Апта сайын ақпараттық күнді өткізу кезінде, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ТЖК, сонымен қатар жалпы Қазақстан Республикасындағы жемқорлыққа қатысты шолулар, бұйрықтар, анықтамалар, мақалалар, болған оқиғалар туралы оқылады. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлер міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен танысады.

Ағымдағы жылғы 16-17 мамырда Департаменттің «қауіптілер тобына» жатқызылатын қызметкерлерге психологиялық әсер беру мақсатында, түрлі құқық бұзушылықтар, сонымен ішінде жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін қамауға алынатын ЕС 164/1 тергеу изоляторына бару ұйымдастырылды.

2 тоқсанда кадр жұмысының қызметкерлерімен, сонымен қатар психологпен моральдық-психологиялық климатты анықтауға,сонымен қатар аудандық бөлімщелерде басшылардың жемқорлық іс –қимылдарын жасауларын және лауазымдық міндеттін әсіре пайдалануын анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жүргізілді.

Ағымдағы жылғы 2 тоқсанда 2017 жылғы 03 наурыздағы №18 бірлескен бұйрық негізінде, СҚО бойынша Мемлекетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс–қимыл департаментінің мамандары нақты бағыттар бойынша Департаменттің және оның аудандық бөлімшелерінің, бағыныстағы мекемелерінің қызметіне бірлескен сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасады.

Департаментте жылына 2 рет жұмыс тобымен жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, Департаментте жемқорлықты болдырмауға арналған келесі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі: Департаменттің жеке құрамының транзиттік шоттары (зейнетақылық төлемдері) тексерілді. Өткізілген талдауға сәйкес қызметкерлерде заңсыз төлеген зейнетақылық төлемдері анықталған жоқ.

Басшылықпен азаматтарды қабылдау кестесі бекітілген; азаматтардың өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылған; бос лауазымдар конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурсанттар міндетті түрде полиграфологиялық жерттеуден өтеді және үміткерлерді іріктеу кезінде нәтижелері есепке алынады; кәсіби, қызметтік және құқықтық дайындық шеңберінде ұдайы түрде жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша сабақтар өткізіледі;

тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары жарияланады; осындай жұмыстар СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ барлық бөлімшелерінде өткізіледі. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

СҚО ТЖД сабақ: Сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңымен белгіленген шектеулерді мүлтіксіз орындауларын қамтамасыз ету мақсатында, ТЖ Департаментінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында Департамент бастығының орынбасары подполковник Ерік Темірханұлының басшылығымен құқықтық оқыту шеңберінде, жеке құраммен сабақ өткізілді. Бұл іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Елена Степаненко, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық бюросының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцева, Департамент басшылығы және басқарма мен бөлімдердің, ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Ерік Темірханұлы іс-шараны аша отыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыты екеніне ерекше тоқталып, «Сыбайлас жемқорлық — әлеуметтік құбылыс ретінде, мемлекеттің табысты дамуына аса қауіпті. Осыған байланысты, мемлекеттке және қоғамға осы теріс құбылыспен күресуде бірлесіп қызмет жасау керек», — деді өз сөзінде іс-шараға қатысушыларға назар аудара отыра.

Одан кейін сөз кезегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Елена Степаненкоға берілді. Елена Степаненко барлық қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңындағы кейбір түсініктер мен енгізілген өзгерістер туралы түсіндіріп мысал келтірді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инспекторы Светлана Зайцева

Республика ауқымындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес құқық бұзушылық пен қылмыстары туралы айтты. Светлана Николаевна заңнамалық бастамашылықтан бастап, соңғы уақытта Қазақстанда жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және білім бойынша жұмыспен аяқталатын, шаралар кешенің жариялап өтті. Ұлттық бюроның өкілі аталмыш бағыттағы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіптер талдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, қаржы бақылауының шаралары, қоғамдық өкілдерді қатыстыру және т.б. жаңа жұмыс нысанының белсенді қолданылуы белгілеп айтты. «Қазірде ерекше маңыз мемлекеттік органдарының қызметінің тиімділігін жақсартуға бөледі, өйткені меритократияның қағидалары мен мемлекеттік аппарат қызметінің мөлдірлігі, мемлекеттік қызметкерлердің халық алдында тұрақты есеп беруі осындай қауіпті құбылысқа соққы береді», — деді ол өз сөзінде.

Сватлана Зайцева сабақ барысында елімізде және СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайының толық суретін ұсынған, презентация слайдтары бейне материалдарын көрсетті.

Қатысушыларға ерекше әсер қалдырғаны, аса қауіпті құбылыстың себебтері мен салдарын айқын көрсеткен бейнероликтер болды. Қызметкерлер Заңды орындамағандардың қатаң жазалауын сипаттайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық пен қылмыстардың нақты сипатын көрді.

Іс-шараның өтуі барысында Департамент қызметкерлері Елена Степаненко мен Светлна Николаевнаға осындай маңызды тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына, қолданыста бар заңнамалардың нормаларын ескере отырып түсіндірме жауаптар алды.

Сабақтың аяқталуы барысында, кадр жұмысы бөлімінің бастығы Нұрлан Нүкішев қонақтарымызға алғысын білдіріп, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде үлгі көрсету керек екенін ерекше атап өтті.

СҚО ТЖД сабақ: Сыбайлас жемқорлықты алдын алу СҚО ТЖД сабақ: Сыбайлас жемқорлықты алдын алу СҚО ТЖД сабақ: Сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Нариман Ашамаев,
СҚО ТЖ Департаментінің
КЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2015 16:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.07.2017 10:01