Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Көкшетау техникалық институты туралы

Өз өмірімді өрт сөндіруші мамандығына арнағым келеді

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуді насихаттау және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының беделін арттыру мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының кәсіби-педагогикалық колледжінің оқушыларына Петропавл қ. №1 өрт сөндіру бөлімінің базасында экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында ҚР ІІМ ТЖК КТИ кандидаттарды іріктеудің талаптары мен ережелерімен, оқуға түскен кезде қажетті құжаттардың тізімімен, сондай-ақ өрт сөндірушілердың жұмыс ерекшелігімен таныстырылды.

Өрт сөндіру бөлімінің жарағында тұрған өрт сөндіру техникасы, қолда бар өрт-техникалық жарақтар көрсетілді, олардың тактико-техникалық сипаттамалары түсіндірілді. Өрт сөндірушілер оқушыларға жауынгерлік киімді кию нормативін көрсетті. Оқушылардың беделді ЖОО оқуға және өрт сөндіруші мамандығына қызығушылықтары туды, олар өзін азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеруге арнау үшін қандай шаралар жасау керек деген сияқты түрлі сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді. Экскурсия соңында буклеттер таратылды.

Өз өмірімді өрт сөндіруші мамандығына арнағым келеді Өз өмірімді өрт сөндіруші мамандығына арнағым келеді Өз өмірімді өрт сөндіруші мамандығына арнағым келеді Өз өмірімді өрт сөндіруші мамандығына арнағым келеді

Шоқан Жетібаев
Петропавл қ. 1-ӨСБ бастығының орынбасары
азаматтық қорғау майоры

Көкшетау техникалық институтына үгіттеу бойынша жұмысы

Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқушыларды кәсіби бағыттау бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында, өткен аптада Талшық ауылы орта мектептерінде 9,10,11сыныптарының оқушыларымен кездесу өтті.

КТИ үгіттеу бойынша жұмыс белсенді өтіп жатыр. Бүгінгі күнде КТИ азаматтық қорғау мамандарын даярлайтын жалғыз «кадрлар ұстаханасы» болып табылады. Ақжар ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлер құтқарушы мамандығының имиджі мен болашағы туралы айтып өтті. Қазақстан Республикасы КТИ туралы бейнефильмінің сюжетінде оқушыларға оқыту барысының мәні мен курсанттардың тұрмыс тәртібі ашық көрсетілді. Оқуға түсу ережелері мен үмірткерлерге талаптар, институтқа түсү және оқыту мерзімі түсіндіріліп өтті.

Көкшетау техникалық институтына үгіттеу бойынша жұмысы Көкшетау техникалық институтына үгіттеу бойынша жұмысы Көкшетау техникалық институтына үгіттеу бойынша жұмысы Көкшетау техникалық институтына үгіттеу бойынша жұмысы

Қайрат Сатабалдинов,
Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар
болімінің бас маманы,
азаматтық қорғау подполковнигі

ҚР ІІМ ТЖК КТИ түсу!

Айыртау ауданының аумағында Қазақстан Республикасының iшкi iстер Министрлiгiнiң төтенше жағдайлар Комитетiнiң Кокшетау техникалық институтында бiлiм алу туралы үгiттеу бойынша кәсiбей жұмысы жүргiзiлуде.

Өткен күндерi азаматтық қорғаныс қызметкерлерiмен ҚР IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының бiрiншi курс тындаушыларымен бiрге Саумалкөл с. №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында Айыртау ауданының оқушыларымен кездесу өткiзiлдi, онда институтта бiлiм алу тәртiбi түсiндiрiлдi, абитуренттердiң сұрақтарына жауап қайтарылды және жоғары оқу орнына түсу жағдайын еске салды.

ҚР IIМ ТЖК КТИ iштей оқуға 25 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады, 16 жасқа келген, жалпы орта бiлiмi бар, бастапқы кәсiбей (техникалық және кәсiбей), орта кәсiбей, (орта бiлiмнен кейiн), әскерей қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, бастапқы эмтихандарды жақсы тапсырған оқуға қабылданады.

Қазақстан Республикасының ғылым және бiлiм беру Министрлiгiнiң халықаралық тест тапсыру орталығы құрастырған, технология бойынша өткiзiлген, (КТА) абитурентердi кешендi тест тапсыру немесе (БХТ) бiрiккен халықаралық тест нәтижелерi бойынша берiлген бал сертификатына келiсе институтқа қабылдау жұзеге асырылады.

Институтқа iштей оқуға төрт бөлiк бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылады: бiрiншi бөлiкте институттын мемлекеттiк қабылдау комиссиясы оқуға кандидаттарды құрайды, КТА немесе БХТ сертификат балы арқылы тандау жүргiзедi (қазақ немесе орыс тiлi, Қазақстан тарихi, математика және төртiншi пән — физика, кәсiбей пән — математика). Екiншi бөлiкте медецина және жүйкефизиология көрсеткiштерi бойынша, үшiншi бөлiкте күш көрсеткiштерi тексерiледi (турникте тартылу, 100 метiрге жүгiру, кросс 3000 метiрге) және төртiншi бөлiкте — мандат комиссиясы бойынша курсанттар қатарына қабылдану жүргiзiледi.

Айыртау ауданының ТЖБ

Азаматтық қорғау органдары жоғарғы оқу орындарының курсанттары мектеп оқушыларына өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы туралы айтты

Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Солтүстiк Қазақстан облысының Айыртау ауданы №7 өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерi ұлттық бiрыңғай тестiлеу өтетiн күнi аудандағы орта мектептердiң түлектерi арасында өздерiнiң бiрiншi оқу демалыстарында жүрген азаматтық қорғау органдары жоғарғы оқу орындарының курсанттарымен кездесу ұйымдастырды.

Айыртау ауданының Қаратал және Антоновка мектептерiнiң түлектерi Нұғыманов Ринат, Жанмолдин Жасұлан және Амангелдинов Алтынбек — қазiргi уақытта ҚР IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанттары кездесу барысында оқушыларға азаматтық қорғау органдарының жоғары оқу орындарында оқудың беделдiлiгi, өрт сөндiрушi-құтқарушы мамандығының сұраныста екендiгiн және маңыздылығы, оқу және оқуға түсудiң талаптары жайлы айтты. Және де олар курсанттық өмiрдегi алғашқы әсерлерiмен бөлiстi. Оқу мерзiмiнiң қысқа болуына қарамастан, олар өздерi таңдап алған кәсiби қалауларына бiрде рет өкiнген емес.

Туған үйден алыстағы тәуелсiз студенттiк өмiрiдiң бастапқы қадамы жайлы мектеп түлектерiне Ресей Федерациясының ТЖМ өртке қарсы қызмет академиясының 1-курс курсанты, Елецкое мектебiнiң түлегi Дәурен Сабыров айтып бердi. Дәурен, өзiнiң бiлiмi және дене шынықтыру дайындығы өте жақсы болуының арқасында Көкшетау техникалық институтына түсiп, үкiметаралық келiсiм бағдарламасы бойынша институттың үздiк курсанттары қатарында Мәскеу қаласына оқуға жiберiлдi.

Курсанттар кездесу соңында естелiк фотосуретке түсiп, оқушыларға ұлттық бiрыңгай тестiлеудi тапсыруда сәттiлiк тiледi.

Азаматтық қорғау органдары жоғарғы оқу орындарының курсанттары мектеп оқушыларына өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы туралы айтты Азаматтық қорғау органдары жоғарғы оқу орындарының курсанттары мектеп оқушыларына өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы туралы айтты Азаматтық қорғау органдары жоғарғы оқу орындарының курсанттары мектеп оқушыларына өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы туралы айтты

Сейiлбек Сәрсембаев,
Айыртау ауданы Саумалкөл селосы №7 өрт сөндiру бөлiмi бастығының орынбасары,
азаматтық қорғау майоры

2015-2016 жылдарға арналған ҚР IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын жинақтау бойынша СҚО ТЖ департаментiмен атқарылып жатқан жұмыс туралы есеп

2015-2016 жылдарға арналған ҚР IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын жинақтау мақсатында СҚО ТЖ департаментiмен Көкшетау техникалық институтын толықтыру және оқытуға үмiткерлердi үгiттеуге байланысты, Қазақстан Ресепубликасының бiлiм беру жүйесiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының орта мектептерi мен колледждерiнiң оқушылары арасында насихаттау жұмыстары жүргiзiлуде.

ҚР IIМ ТЖК КТИ оқытуға үмiткерлердi iрiктеу бойынша iс-шаралар әзiрленiп бекiтiлдi, сонымен қатар аумақтық принцип бойынша орта және арнайы-орта оқу орталықтарына бөлiмше қызметкерлерiнiң бару кестесi әзiрлендi.

Солтүстiк Қазақстан облысының Қорғаныс iстерi жөнiндегi Департаментiне шақыртушылар санынан күндiзгi оқу бөлiмiне институтты сапалы толықтыруға ықпал ету туралы хат жолданды.

2015 жылдың қазан айында басқарма және бөлiмдер бастықтарына орта мектептердiң түлектерi арасында насихаттау жұмысын ұйымдастыру, өртке қарсы қызметiнiң маңызы мен басымдылығын, қызметтiң негiзгi бағыты мен институттағы оқу жағдайын түсiндiру, әр ауданнан ауылдық жерден, жетiм балалар, интернат үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi санатынан жоғарыда аталған институтқа түсу үшiн 3-4 кем емес үмiткерден дайындауды қамтамасыз ету бойынша тапсырма берiлдi.

2015 жылдың 19 қазаны күнi Департаментпен КТИ талапкерлерi үшiн «Ашық есiк күнi» ұйымдастырылды.

Аталған шараны өткiзу кезiнде ұйымдастырылды: СҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Даңқ мұражайы бойынша экскурсия, жаңа заманауиғы техниканы, iрi өрттер мен төтенше жағдайларды жою кезiнде өртке қарсы қызметкерлерiнiң iс-қимылы бейнеленген бейне баяндарды көрсету.

Шалғай жерде орналасқан елдiмекендердегi бiлiм беру мекемелерiнде үмiткерлерге арналған дәрiстер оқылып, бейне баяндар көрсетiлдi.

Оқу орындарында Департамент қызметкерлерiмен жадынамалар мен «Пожарный спасатель» журналы таратылып, институттағы оқу бойынша бейнеролик көрсетiлдi.

Ағымдағы жылы кадр жұмысы бөлiмiне кеңес алуға 24 үмiткер өтiнiш бiлдiрдi. Аудандық және облыстық газеттерде «ҚР IIМ ТЖК КТИ оқуға түсу ережесi» тақырыбында 30 мақала жарияланды.

Өрт сөндiру бөлiмшелерiнде 20 рет «Ашық есiк күнi» және 20 ашық сабақ өткiзiлдi.

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

Мақаланың шыққан күні: 26.11.2015 12:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2017 14:36