Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
ТЖД тарихы

Cолтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Өрттен қорғау: тыныштықты тек түсімізде көреміз

Табиғи өзгерістері Солтүстік Есіл жағалауының аумағында тұрғандар үшін әлдеқашан долы болатын. Алқапты өрттер мен су басу, құрғақшылық, індеттер мен жануар індеттері мұнда өмір сүрген жер иелері мен мал өсірушілер үшін нағыз ауыртпалық болып, үйлеріне жұтау, аштық пен өлім әкелген-ді. Апаттармен күресуде адамдар ұзақ уақыт бойы тек өздеріне сеніп, өзара көмек мен жәрдемді табиғаттың қатал мінезіне қарсы қойды. Алайда тарихи құжаттар мемлекеттік билік адамдарды табиғаттың қырғын құбылуымен бірге-бір қалтырмағанын айғақтайды.

Өлкенің 19 ғасырдың басындағы шежіресі Петропавл қаласы басшысының маңызды міндеттерінің бірі халықты табиғи апаттардан қорғау және зардап шеккендерге көмек көрсету екенін айтады. Қалада, көбінесе жылу пештері бар ағаш құрылыстардың тығыз орналасуынан ондаған отбасыларды үйсіз қалтырған өрттер болатын. Солтүстік Қазақстанның мұрағаттық көздер бізге Петропавл қ. 1824 жылдың 9 мамырында болған және 110 үйді жойған өрттің салдарлы сұмдық туралы айғақтар сақтады. Ширек ғасырдан кейін, дәл сол жерде 1849 жылдың мамырында 450 үй, асырмай айтқанда, стихиялы апаттың құрбаны болды. Сондықтан халықты оған төнген қауіптен қорғау бойынша шаралар туралы тарихи куә өрт сөндіру қорғауынан басталады. Өрт сөндіру тобы туралы бірінші сөздер петропавл қ. 1858 жылы даталанады. Ол Тобол губерндік Кеңесі отырыстарының (ол кездері Петропавл қаласы Тобол губерниясы Ишимск округының штаттан сырт қаласы болатын) журналында жазылған.

Команданы асырауға бөлінетін қаражат шағын болғандықтан, барлық өртке қарсы техника қол машиналарынан, бөшкелерден, қармақ пен балталардан тұрды. Өрттермен күресті нығайту мақсатында, жергілікті халық арнайы қоғамдарға бірікті: 1899 жылы Петропавлда ерікті өрт сөндіру қоғамы, кейін «Мүлікті өзара оттан сақтандыру қоғамы» құрылады. Алайда, бұл ұйымдар тек қана қайырмалдық пен ерікті жарнадан жұмыс істегендіктен, елеулі үлес бере алмады. Тек 1918 17 сәуірде «отпен күресудің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» декретті қабылдауынан кейін өрт сөндіру ісінде түбірлі өзгеріс басталады.

Петропавлдағы бірінші мемлекеттік өрт сөндіру командасы 1916 жылы құрылды. Ол Пролетар көшесі бойынша үшінші құрылыс орамының аумақындағы бірқабатты бұталы ғимаратта орналасқан. Өрт сөндіру қалашығының құрамына депо, атқоралар, ұстахана кірді. Қаланың телефондандыруы даму қарқынынан артта қалуына байланысты, өрт сөндірушілер ескіше мұнарадан бақылап тұрды. 1920 жылдың 1 желтоқсанында депоның құрамында 69 жұмысшы-өрт сөндіруші, 8 қызметкер болды. Барлық өрт сөндірушілер 12сағаттан күзетте тұрған, екі ауысымға бөлінді.

Түрлі ведомстволар жүргізген өрттермен күрес бойынша жұмыстарды үйлестіру мақстаныда, 1923 жылдың наурыз айында МСБ, өрт сөндіру бөлімшесімен және мемлекеттік сақтау өкілдерімен губерниялық үштік құрылды. Осы үштіктің мүшелері ерекше құқықтарға ие болды. Олар өрттермен күрес бойынша шараларды шұғыл қабылдауға, өрт сөндіру топтарын бақылауға, өрт қауіпті обьектілерді жабуға міндетті болды. 1924 жылы қалалық өрт сөндіру күзеті қалалық депутаттар кеңесінен ІІХК (ішкі істер халық комиссариаты) қарамағына берілді. Туындаған өрттерді сөндіруге 1927 жылы ұйымдастырылған ерікті өрт сөндіру ұйымы да қатысты. Ұйым өрт орнына су тасуды жүзеге асырса, сондай-ақ анықталған төлемақыға халықты сумен қамтамасыз етті. Оның штатына тек пеш түтіндігін тазалаған пеш салушылар кірді.

1927-1928 жж. губернияда өрттермен күрес органдарының кейінгі нығаюуы мен өсуі болды. Осы іс-шаралардың арқасында Петропавл уезі округінің 16 екеуінде 90 адам санымен ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылды. Бес округте 59 өрт сөндіру көлігі болды. 1929 жылы қалалық өрт сөндіру күзетінің штаты 46 адамнан тұрды. Қала қолайлы болу үшін қалалық мұнарада сигнал жабдығын орнатумен 6 ауданға бөлінді.

1936 жылы басқару үшін өрт сөндіру күзеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІХКБ (ішкі істер халық комиссариаты басқармасы) өрт сөндіру күзетінің инспекциясын құрды. 1938 жылы облыс аудандарында өрт сөндіру инспекторлары институты құрылды. Ал бұл ауылдағы өртке қарсы жұмысының ауқымды деңгейде жақсаруына әсер етті. 1938 жылдың өзінде-ақ 29 атпен шолу ұйымдастырылды, 56 су тартқыш дайындалды, 2500 метр өрт сөндіру түтік құбыры, 1300шелек, 290 өртсөндіргіш сатып алынды, жалпы саны 9780 адам мүшесімен 693 ерікті өрт сөндіру жасағы ұйымдастырылды.

1940 жылдың 30 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ететін депутаттар кеңесінің атқару комитеті ҚСРО ХКК 1940 жылғы 23 наурыздағы қаулысына сәйкес, Петропавл қаласы және Булаево, Мамлютка, Боголюбово, Марьевка аудан орталықтарында ерікті өрт сөндіру ұйымдарын құру туралы шешім қабылдады. Ұлы Отан соғысы басталғанда облыстың өрт сөндіру күзеті жұмысшыларының көбі Отан қорғаушылар қатарына тұрып, майданда батыл соғысты. Ондаған жауынгер материалдық құндылықтар мен адам өмірлерін өртен құтқара отырып, тылда жан аямай еңбек етті. Соғыстан кейінгі бес жылдықта өртке қарсы қызметтің жұмысшылары мемлекеттік меншікті және азаматтардың мүлкін оттан күзетуді қамтамасыз етуде зор үлестерін қосты. Петропавл қаласы және аудан орталықтарында өрт қауіпті обьектілерде өрттерді сөндіру міндеттерін атқарған және халыққа тұрғын үй секторындағы жанулармен күресуге көмектескен, ведомстволық (обьектілі) өрт сөндіру бөлімшелері мен бөлімдері құрылды. 50-60 жылдары кәсіби өрт сөндіру бөлімдерінің қалыптасу кезеңі болдщы, кейін олар әскериленген болып өзгертілді. Дәл сол жылдары «01»қызметі жаңа күштер мен талы жауынгер-қызметкерлермен толықты, нәтижесінде өз ісінің кәсіби мамандары атанды. құрамына өрт сөндіру күзеті кірген, Ішкі істер министрлігі мен төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет жүйесінде қайта өзгертулер болады. Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі 1997 ж. МТЖК құрамына кіреді. Өзгерістер 2002 ж. да жалғасады, бұл жылы Комитет ТЖ жөніндегі агеттік атауына ауысады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Басқарма мәртебесін алады, ол үш жылдан кейін «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММФ («Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» Мемлекеттік мекеменің филиалы) — дербес мекеме болады. Өазіргі уақытта Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасын нығаяды, әр өрт сөндіру бөлімі жөнделіп, алаңдарында тас жол төселді. Жеке құрамның дайындық деңгейін арттыруға аса көңіл бөлінеді. Бұл мақсатта үнемі сабақтар өткізіледі, анықтамалық және әдістемелік материалдар басып шығады. Кәсіби шеберлікті арттыруда кәсіби даярлық мектебі мәнді ролге ие болды. Жыл сайын оның қабырғасында орта есеппен 380 қызметкер дайындықтан өтеді. Өрт сөндірушілердің теориялық дайындығы психологиялық кедергілер алабындағы сабақтармен, өрт-тактикалық оқу-жаттығулар үйлеседі, өрт сөндіру-құтқару және басқа да спорт бойынша жарыстар ұдайы өткізіліп тұрады. Бұл шаралар өрт сөндірушілер жұмыс күндерінің ажырамас бөлігі болып қалыптасты, өйткені кәсіби шеберлікке ие болу үшін қажетті саты болып табылады. Дәл бұл мақсатта дене даярлығы бойынша жаттығулар апта сайын ұйымдастырылады. Мұнда әр қызметкер өзінің дене даярлығын ұстап тұру мүмкіндігін алады. Осы жаттығулар үшін әр өрт сөндіру бөлімінде спорттық бұрыш жабдықталды, онда міндетті түрде гір, білтемір, волейбол алаңы бар.

Петропавл қ. № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде, тіпті ғимаратта орналасқан психологиялық кедергілер алабы, волейбол алаңы, түтін камерасы бар. № 1 өрт сөндіру бөлімінің аумағында қалалық және аудандық бөлімшелердің арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыстар өткізілетін оқу-жаттығулар мұнарасы бар. Өскелең ұрпақ арасында өрт сөндіру-құтқару спортын дәріптеу мақсатында «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ қызметкерлері жыл сайын Петропавл қаласы орта мектептерінің оқушылары арасында сайыстар өткізеді. Бұгінде өрт сөндіру бөлімшелері жану жағдайына уақытылы ден қоюға мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған, алайда өтпен күресудегі басты буын — адам, техниканы басқара алуы болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру күзетінің тарихы от апатымен күресуде адам өмірін құтқарып, материалдық және мәдени құндылықтарды сақтаған, ерлік уақиғаларына бай. Нақты мысал ретінде, 1996 жылдың 6 қарашасында болған жан түшігерлік уақиғаны айтуға болады. Петропавлдық өрт сөндірушілер үшін бұл күн төзімділік пен ерлікке тексерген салмақты тексеріс болды. Түнгі сағат бірде өрт сөндіру байланысының орталық пунктіне Мира көшесі 296 үй мекен жайындағы тұрғын үйде жарылыс болғаны туралы үрей дабылы соқты. Алайда өрт орнына келген өрт сөндірушілер апаттың көлемі осыншалық ауқымды екенін болжамаған-ды. Әдеттегі жалын мен түнерген түтін болмағанымен, жауынгерлер болған төтенше жағдайға аң-таң болдыбес қабатты үйдің екі кіреберісі түгеллдей бұзылған, ал ғимараттың сынықтары астынан зардап шеккен адамдардың ыңқыл-шулары естілді. Жағдайды бағалай отыра кезекші ауысымға жетекшілік еткен өртке қарсы қызметінің майоры Ю. Устинин шақырудың жоғары номерін жариялап, МӨСҚ басшылығы мен офицерлік құрамды қауіп-қатер бойынша көтерді. Арнайы құтқару құралдары мен аспаптары жоқ өрт сөндірушілер қауіптен адамдарды құтқару үшін, қолда бар заттармен жұмыс істеді. Таң атқаннан кейін қосымша күштер келіп, көтергіш крандар мен басқа да механизмдер қатыстырылды, Алматы қаласының құтқарушылары қосылды. Алайда, сол алғашқы сағаттарда дабыл бойынша келген өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері өз иықтарына ең қауіптіде, ауыр жүр алды. Дәл сол кезде офицерлер мен қатардағы өрт сөндірушілердің батыл және үйлесімді әркеттерінің арқасында 50 адам аман қалды.

11 жыл өткеннен кейін отты апат тағы да петропавлдық өрт сөндірушілерді беріктікке тексерді. Бұл ТЖ 2007 жылдың 23 қаңтар таңертен, 40 градустың аязда болды. «01» қызметінің пультіне қала орталығында, «Фантазия» дәмханасындаңы өрт туралы хабар түсті. Өрт орнына Петропавл қаласының өрт сөндірушілері-құтқарушылары келді. Осы уақытта дискобар болған, екі қабатты үйдің бірінші қабатты толықтай от жаулаған болатын. Өрт сөндіруге «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің СҚО бойынша филиалының бастығы өртке қарсы қызметінің подполковнигі Қуанар Базарбаев басшылық етті. Өрт мыңдаған километрге жуық жалпы ауданды құрады. Өрт сөндірушілер ғимаратты құтқару үшін, жалынмен бірте бірте күресіп, тойтарыс берді. Бұл күнде апаттың жақтасы қолайсыз ауа райы болды. Өрт сөндірушілердің костюмдерінде мұз қатып, гидранттардағы су қатты. Тілсіз жаумен күресушілер жанып жатқан құрылыстар арасында қауіпті зат: сегіз газ баллон және жанармайға толы бірнеше канистрді тапты. Өлімге әкелетін қауіп-қатерге қарамастан, құтқарушылар жарылыстың болуына жол бермей, баллондарды жалыннан шығарды. Сағат 12:00 өрт жойылып, толықтай тек кешкі 20:00 сөндірілгені туралы жарияланды.

Қазірде өрт сөндірушілердің айтулы салттарын тілсіз жаумен күресушілердің жаңа ұрпағы жалғастырып жатыр. «Жаңа ауысымды» тәрбиелеу үшін СҚО өрт күзетінің қалыптасуы мен дамуының тарихи айғақтарға үлкен мән беріледі. Бұл үрдіс қызметтің мамандарын оқыту, өрт сөндіру ісін насихаттаумен және ҚР ТЖМ имидждік саясатын дамытумен тығыз байланыста тұрады. Осыған мысал ретінде Петропавл қ. №3 мамандырылған өрт сөндіру ғимаратында орналасқан, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт-техникалық орталығының қызметін айтуға болады. Қабырғасы тарихқа толы бұл ғимаратта өрттер, өрт сөндірушілер мен өрт сөндіру ісі туралы ақпарат жиналатын мұражайдың болуы ғажап емес. Мұражайға келушілер тек өрт сөндіру ісі мен өрт сөндірушілердің жұмыс істеу шарттары жөнінде ғана емес, сондай-ақ болған өрттер мен отты абайсыз қолдану салдарынан болатын нәтижелер туралы біле алады. Өртке қарсы қызметінің батырлары-жерлестерімізі, ордендермен және медальдармен марапатталған туралы айтатын «Өртенгенден бұрышы», өрт орнынан түсірілген сансыз көп фотосуреттер, стендтер, материалдар құлақ естімеске сендіреді. Бұл бұрышта біздің жерлесіміз Кенжебай Жақыповтың шинелі сақталуда. Өзінің қызметтік және азаматтық міндетін атқарып, өртеніп жатқан ғимаратта қол асттындағы қызметкерлерді құтқарамын деп, Кенжебай ерлікпен қаза болды. ҚСРО жоғарғы кеңес президентінің жарлығымен 1996 жылы оған өлгеннен кейінгі Қызыл жұлдыз ордені берілді. Адамдарды оттан құтқарып, өз өмірін құрбандық еткен тек өрт сөндірушілер ғана емес. 20 жыл бұрын жерлесіміз Владислав Демьянов та батырлық іс жасаған-ды. Бұрынғы темір ұста- құрастырушы Кеңес әскері қатарында жедел қызмет атқарды. Қала және жанғыш материалдар болған темр жол станциясынан бір жарым км. шақырым жерде орналасқан, Юриск әскери полигонындағы дәрі қоймасында өрт болды. Жарылып жатқан снарядтар бірнеше километрге, жан-жаққа ұша бастады. Владислав өртті сөндіре бастады. 12 сағаттан кейін ол қансыраған күйінде табылды. Жұз мың тұрғыны бар қала құтқарылды.

Олар әрқашан мәнгі есімізде қалады, ол жас өскелен ұрпақ үшін үлгі болады. ОТО негізінде балалармен, өртке қарсы қызмет ардагерлер мен жас қызметкерлердің кездесуі жиі өткізіледі.

Мәңгі жүректе

«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» — деген сөздер, Азаматтық қорғаныс жүйесі мен «01» қызметінің бастауында тұрған, құрметті ардагерлерімізбен кездесуде есімізге түседі. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының қатысушылары аз емес: Василий Дмитриевич Терейковский, Пётр Фёдорович Перфильев, Мұқатай Айтбайұлы Айтбаев, Василий Сергеевич Чернокожев, Павел Иванович Сергеенко, Александр Александрович Романов, соғыстан кейінгі жалдары салмақты жүкті иықтары артқан, ерлермен қатар қызметін атқарған өрт күзетінің әйел ардагерлері: Роза Басырқызы Мұқашева, Зоя Ивановна Юхновец, Вера Семёновна Хоботова да тағы бар. Осы ардагерлер жүректерін салып, «01» қызметінің қайырымды салттарын қалыптастырды. 2001 жылдың наурызында қызметіміздің жүйесінде алғашқыларымыздың алғашқылары болып Ардагерлер кеңесі құрылды. Бұл кеңес мүмкіндігінше «қарттар гвардиясына» материалдық және моральдық көмек көрсетеді. Қызметін атқарып жүрген өртке қарсы қызметінің қызметкерлері түрлі іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады. Жыл сайын қарттар күні мен Жеңіс күні қарсанында Петропавл қ. 1-ӨСБ алаңында мерекелер өткізіледі: сырнай әніне жас буын ардагерлерді қарсы алады. Салтқа сәйкес майлы дастархан жайылады, ал Жеңіс ардагерлері үшін соңыс жылдарын еске салатын ақшатырлар құрастырылады.

Мұқатай Айтпаев 7 жылдық мектепті аяқтаған соң, Петропавл қаласындағы педогогикалық техникумға оқуға түседі. Соғыс басталғанда ол 16 жаста болатын. Ол өзінің Аққайың ауданындағы Үшқұдық ауылына оралып, ауылдастары майданға азық-түлік пен киім-кешек жөнелтіп жатқан ұжымшардағы еңбекке араласады.

Жасөспірім Мұқатайдың бойын қызу майдан мен жауынгерлердің ерлігі билеп, соғыс шебіне баруға ынтық болды. 1943 жылы кәмелет жасқа толмастан, ол Қызыл Әскер қатарына ерікті болып жазылып та үлгерді.

Әскери эшелон оны Самарқанд қаласына жеткізіп, онда кіші командирлер курсын аяқтады. Ол бірнеше қалаларда қызмет өткерді: Наманган, Харьков, Варшава. 1945 жылғы сәуір айында миномет полкінің 2-ші взводы командирі Мұқатай Айтпаев Германия аумағында алғаш рет қол астындағы жауынгерлерін ұрысқа бастап кірді. Олар бір апта бойы жау бекініп алған Котбус қаласын азат ету шайқасына қатысты.

Шабуыл жасау, таяуда орналасқан өзен мен елді-мекендерді азат ету, косымша күшті күту сияқты әрекеттер оның есінде мәңгілікке қалыпты. Міне дәл осы жерде ол ажалдың мұздай демін сезді: ысқырған оқ, снарядтардың жарылуы, майдандас жолдастарының өлімі мен жарақаты. Осындай қысылтаяқ кезде олардың полкіне Гитлер әскерінің тізе бүкені туралы шифрлы ақпарат келген болатын.

Соғыстан кейін Мұқатай Айтпайұлы ішкі істер органдарында қызмет етіп, Аққайың ауданының мемлекеттік өрт қадағалау инспекциясы бастығы лауазымынан зейнеткерлікке шықты. Өткен ұрыстар жайлы ордендер мен медалдар ғана естелік емес, Жеңіс Күні ол үшін жеке мейрамға айналған — ағымдағы жылғы 9 мамырда ол 87 жасқа келген мерейлі тойын атап өтті.

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2016 11:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2017 10:58