Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Мемлекеттік сатып алулар

2017 ж. 30.04. жай-күйі бойынша қаржы қаражатын игеру бойынша ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жергілікті бюджет бойынша 2017 жылға 12 млн 614 мың теңге бөлінген, оның ішінде:

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға:

  • 7 млн 926 мың теңге әуе көлігін жалға алуға;
  • 4 млн 688 мың теңге жару жұмыстарын жүргізуге.

«Казавиақұтқару» АҚ әуе көлігінің қызмет көрсетуіне шарт жасалған.

2017 жылдың 4 айына жергілікті бюджет бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуі 100% құрады.

2017 жылдың басынан қаржыландыру жоспары республикалық бюджет бойынша 102 млн 78 мың теңгені құрады, оның 99 млн 841 мың теңгесі игерілді (97,8%).

Республикалық бюджет есебінен құлақтандыру жүйесіне қызмет көрсету, өртке қарсы тақырыпта жадынамалар жасауға, гидрометеорологиялық ақпараттар беруге, коммуналдық қызмет көрсетуге, нысанды киімді сатып алу және тігуге, қаржылық қызмет көрсетуге, картриджді толтыру және компьютерлерді жөндеуге, шаруашылық және кеңсе тауарларын, АИ-92 бензинін, автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сатып алуға шарттар жасалған.

Негізгі қаражаттан жаңа стандарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Тулары сатып алынды.

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2016 12:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.05.2017 12:44