Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Төтенше жағдайлар департаменті келесі мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

  1. төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау;
  2. авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №816 қаулысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге сәйкес «Авариялық-құтқару және қалыптастыру қызметтерін тіркеу (есептік тіркеу)», «Төтенше жағдайлары жою кезіндегі құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» нақты қызметтер бойынша 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 мемлекеттік қызметтерді көрсету тізіліміне өзгерістер енгізілді.

Енді қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Солтүстік Қазақстан облысының департаменті арқылы құжаттарды тапсырады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін алады.

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде мәліметтерді алу үшін телефоны — 8 (7152) 34-01-27.

2016 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша есеп

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес, Төтенше жағдайлар департаментi (бұдан әрi — Департамент) келесi мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi:

  • төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi аттестаттау;
  • авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу (есептiк тiркеу).

2016 жылы Департамент қағаз тасымалдағышта 1 қызмет көрсеткен болатын, атап айтқанда 2016 жылғы 15 қаңтарда «ҚР IIМ ТЖК Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құткару жасағы (Петропавл қаласы)» ММ-нiң №2 тiзiлiмде (есептiк) тiркеу.

Қызмет ақысыз негiзде көрсетiлдi.

2016 жылы көрсетiлетiн қызметтi алушылардан шағымдар келiп түскен жоқ.

СҚО ТЖД ТЖЖб бастығы
азаматтық қорғау майоры
Б. Аскарбеков

«Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (ZIP 29 Kb)

2016 жылғы 9 айға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша есеп

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес, Төтенше жағдайлар департаментi (бұдан әрi — Департамент) келесi мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi:

  • төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi аттестаттау;
  • авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу (есептiк тiркеу).

2016 жылғы 9 айға Департамент қағаз тасымалдағышта 1 қызмет көрсеткен болатын, атап айтқанда 2016 жылғы 15 қаңтарда «ҚР IIМ ТЖК Солтүстiк Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құткару жасағы (Петропавл қаласы)» ММ-нiң №2 тiзiлiмде (есептiк) тiркеу.

Қызмет ақысыз негiзде көрсетiлдi.

2016 жылы көрсетiлетiн қызметтi алушылардан шағымдар келiп түскен жоқ.

СҚО ТЖД ТЖЖб бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигi
Ә. Мұсабаева

Өтiнiш Авариялық-құтқару қызметтерi мен құрылымдарын тiркеуге (есептiк тiркеу) (ZIP 5 Kb)

2015 жылға мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша есеп

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №983 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмiне сәйкес, Төтенше жағдайлар департаментi (бұдан әрi — Департамент) келесi мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi:

  • төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi аттестаттау;
  • авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу (есептiк тiркеу).

2015 жылы Департамент қағаз тасымалдағышта 2 қызмет көрсеткен болатын. Қызмет ақысыз негiзде көрсетiлдi.

2015 жылы көрсетiлетiн қызметтi алушылардан шағымдар келiп түскен жоқ.

«Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарын тiркеу (есептiк тiркеу)» қызмет көрсету паспорты

1 Қызмет көрсету атауы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығының негізінде көрсетіледі 1) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Қазақстан Республикасының Заңы;
2) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы №246 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;
3)«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №1108 бұйрығы
4) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;
5) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 259 бұйрығы.
6) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 мамырдағы
№475 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі м.а. бұйрығы.
3 Қызмет көрсету мемлекеттік орган Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Петропавл қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 32 мекенжайында көрсетіледі. Анықтамалар үшін телефон: 8 (7152) 340146.
4 Қызмет тұтынышылар
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі — көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
5 Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Қағаз түрінде.
6 Қызметті көрсету орыны Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады
7 Қызмет көрсету тәртібі Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін осы паспорттын 8 тармағында көзделген құжаттарды ұсыну қажет.
8 Субъектінің типі мен жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)авариялық-құтқару жұмыстарының белгіленген түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәліктің электрондық көшірмесі.
9 Қызмет ақысы және төлеу тәртібі Тегін.
10 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде қандай женілдіктер бар Женілдіктер жоқ.
11 Қызмет көрсету процессін сипаттау 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға арналған өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді. Орындау ұзақтығы – келіп түскеннен кейін 15 (он бес) минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді. Орындау ұзақтығы — 2 (екі) сағат;
3) орындаушы өтінішті қарайды және авариялық-құтқару қызметін немесе құралымын тізілімге тіркейді. Орындау ұзақтығы — 20 (жиырма) минут;
4) орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. Орындау ұзақтығы — 2 (екі) сағат;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауабына қол қояды. Орындау ұзақтығы — 10 (он) минут;
6) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы — 20 (жиырма) минут;
7) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы — 20 (жиырма) минут;
8) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) жауапты береді не оны почта арқылы жолдайды. Орындау ұзақтығы — 20 (жиырма) минут.
12 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде — 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.
13 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі — авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу.
14 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін ұзарту процедурасы Көзделген жоқ.
15 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштердің бекітілген бланкілерінің болуы Өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығымен бекітілген «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасында келтірілген.
16 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау мен өңдеуді қамтамаыз ететін ақпараттық жүйенің болуы Жоқ.

Шағымдану тәртібі туралы мәлімет

Шағым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан көрсетілетін қызмет беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрлік басшысының атына жіберіледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ почта байланысы арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына және шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, оны көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартып отырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

«Төтенше жағдайларды жою кезiнде құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлердi аттестаттау» қызмет көрсету паспорты

1 Қызмет көрсету атауы Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығының негізінде көрсетіледі 1) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Қазақстан Республикасының Заңы;
2) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 18 наурыздағы №246 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;
3) «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы №246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №1108 бұйрығы
4) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің бұйрығы;
5) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №259 бұйрығы.
6) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 23 мамырдағы №475 Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі м.а. бұйрығы.
3 Қызмет көрсету мемлекеттік орган Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерімен көрсетіледі (бұдан әрі — қызмет беруші).
4 Қызмет тұтынышылар Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі — көрсетілетін қызмет алушы).
5 Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Қағаз түрінде.
6 Қызметті көрсету орыны Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру «Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады
7 Қызмет көрсету тәртібі Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін осы паспорттын 8 тармағында көзделген құжаттарды ұсыну қажет.
8 Субъектінің типі мен жағдайға байланысты қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша АҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізуге өтініш;
2) АҚҚ және құралымдары жарғысының немесе ережесінің көшірмесі;
3) АҚҚ және құралымдарының штат саны, құрылымы;
4) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға тікелей тартылатын құтқарушылар куәліктерінің және кітапшаларының көшірмесі (бар болған жағдайда);
5) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №10064 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмесі;
6) «Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №329 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №11333 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша техникалық байқау диагностикалық карталарының көшірмесі;
7) еркін нысанда сынақтар актілерінің көшірмесі (жабдық үшін);
8) оқу-материалдық базасының бар-жоғы туралы (арнайы сыныптардың болуы, оларды жарақталуы, оқу қалашығының схемасы, оларды орналастыру орындары) құжаттардың көшірмесі;
9) қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;
10) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелді) сәйкес қызметкерлердің 086/У нысанды медициналық анықтамалары;
11) қызметкерлердің психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерінен алынған анықтамалар;
12) АҚҚ қызметкерлерінің білімі туралы құжаттарының көшірмесі, (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес танылады);
13) «Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы №857 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12292 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының немесе «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы №48 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктерінің көшірмесі;
14) «Жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлік бланкілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы №874 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10064 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша жүргізуші куәліктерінің көшірмелері (жүргізушілер үшін)
9 Қызмет ақысы және төлеу тәртібі Тегін
10 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде қандай женілдіктер бар Женілдіктер жоқ
11 Қызмет көрсету процессін сипаттау 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қағаз тасымалдағышта келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді. Орындау ұзақтығы — түскеннен кейін 15 (он бес) минут. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі өтінішті тіркеу болып табылады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны (бұдан әрі — орындаушы) белгілейді. Орындау ұзақтығы — 2 (екі) сағат;
3) орындаушы өтінішті қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу құқығына өтініш пен құжаттар пакетін қарау бойынша жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) отырысының күнін белгілейді және комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күні туралы хабарлайды. Орындау ұзақтығы — 2 (екі) сағат;
4) комиссия өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың азаматтық қорғау саласындағы заңнамаға сәйкестігін айқындайды және көрсетілетін қызметті алушыны авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауға дайындығына тексеру жүргізу күні немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Орындау ұзақтығы — 13 (он үш) күнтізбелік күн. Аттестаттау комиссиясы аттестаттау процесінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады: құтқарушыларға (азаматтарға) кәсіби қасиеттеріне тестілеу және психологиялық тестілеу жүргізеді, сондай-ақ дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді орындайды; авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге құтқару техникалары мен авариялық-құтқару саймандарының және жабдықтарының бар-жоғын тексереді; Орындау ұзақтығы — 6 (алты) сағат. Комиссия көрсетілетін қызметті алушы қол қойып танысатын көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау нәтижелері туралы аттестаттау актісін жасайды. Орындау мерзімі — 4 (төрт) сағат;
5) орындаушы комиссия шешімін және көрсетілетін қызметті алушыға жауапты ресімдейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді. *Орындау мерзімі — 2 (екі) сағат;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жауапқа және куәлікке қол қояды*. Орындау ұзақтығы — 2 (екі) сағат;
7) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін кеңсе қызметкеріне береді. Орындау ұзақтығы — 20 (жиырма) минут;
8) кеңсе қызметкері жауапты Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркейді. Орындау ұзақтығы — 20 (жиырма) минут;
9) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкіліне) аттестаттау туралы жауапты (аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі жағдайында — аттестаттау туралы жауап және куәлік) береді не почта арқылы жолдайды. 20 (жиырма) минут. *Ескертпе. Куәлік көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау туралы комиссияның оң шешімі болған жағдайда ғана ресімделеді және қол қойылады. Керісінше жағдайда куәлік ресімделмейді.
12 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап — 15 (он бес) күнтізбелік күн
13 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі — авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі түрін немесе түрлерін жүргізу құқығына куәлік.
14 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін ұзарту процедурасы Көзделген жоқ.
15 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштердің бекітілген бланкілерінің болуы Өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №394 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының қосымшасында келтірілген.
16 Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау мен өңдеуді қамтамаыз ететін ақпараттық жүйенің болуы Жоқ.

Шағымдану тәртібі туралы мәлімет

Шағым Министрліктің Төтенше жағдайлар комитетінің www.emer.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызмет берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша орналасқан Министрліктің басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошта мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол, сондай-ақ пошта байланысы арқылы келіп түскен шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына және шағымға ілеспе хатқа қойылады) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияда қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2015 16:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2017 18:38