Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
СҚО-дағы ТЖ комиссиясының көшпелі отырыстары: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті

М. Жұмабаев және Мамлют аудандарының әкімдіктерінде Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаевтың қатысуымен ТЖ комиссияларының кезектен тыс көшпелі отырыстары болды. Онда аудандар аумағындағы судағы қауіпсіздікке және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар сұрақтар қарастырылды.

Комиссия отырыстары аудан әкімдерінің төрағалық етуімен өтті. Отырыс барысында орман шаруашылығы, ТЖ, білім беру бөлімдері өкілдерінің, селолық округ әкімдері баяндамалары тыңдалды. Сөз сөйлегендер аудандарда өрт қауіпті маусымдарында ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылғаны, ормандағы өрттерді сөндіру үшін қажетті техника бар екендігі туралы баяндап, тұрғындар және ЖШС, ШҚ басшыларымен өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық күйдірулер, минералдандырылған жолақтар жырту, орман күзетінің күнделікті шолғын жасауы ұйымдастырылған.

Мамлют ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Сейілбек Смаилов өрт қауіпті маусым басталғалы Мамлют ауданында 12 жану орын алып, ормандардағы өрт қауіпсіздігі және санитарлық қағидаларды бұзғаны үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылғанын айтты.

М.Жұмабаев ауданы ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Назымбек Елемесов 2017 жылдың басынан бері республика бойынша 58 адам суға кеткенін, ал 2016 жылғы шомылу маусымында ауданда 2 адамның су құрбаны болғанын жеткізді. Жарақталған жағажайдың болмауынан тұрғындар қолдан жасалған су айдынында шомылуға мәжбүр. Екі оқиға да аталған қауіпті су айдындарында орын алған.

Ауданда су айдындарындағы ТЖ алдын алу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде: олар - жергілікті атқарушы орган өкілдерімен адамдар шомылатын орындарда бірлескен рейдтер жүргізу, нұсқаулықтар оқу, тақырыптық жаднамалар тарату, рұқсат берілмеген орындарда тыйым салу және ескерту белгілерін қою. Білім беру мекемелерінде жазғы демалыс қарсаңында оқушыларға судағы қауіпсіздік және өрттердің алдын алу шаралары түсіндірілген.

Сонымен қатар аудандарда тұрғын үйлер мен өзге де әлеуметтік нысандарды су басуына жол берлілмеген тасқынға қарсы жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері де айтылды.

Подполковник Сарыбаев қарастырып отырылған тақырыптардың маңыздылығы мен өзектілігін баса айтты. Ерік Темірханұлы өткен жылы республикамыздың су айдындарында 457 адам қаза болса, олардың 156-ы балалар екендігін айтты. Ағымдағы жылдың бес айында Қазақстанда 35 бала суға батып, балалардың отпен ойнауынан 139 өрт шыққан, онда 16 бала қаза болған. «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады, сондықтан бірлескен әрекет арқылы біз ТЖ туындауы мен адамдардың қазасына жол бермейміз», - деді ол.

Отырыс қорытындысында Ерік Сарыбаев қарастырылған сұрақтар бойынша комиссия мүшелеріне бірқатар ұсыныстар берді. Оның ішінде басты назар алдын алу іс-шараларының уақытылы жүргізіліп, елді-мекендердегі барлық ТЖ жедел ден қоюға аударылды.

СҚО-дағы ТЖ комиссиясының көшпелі отырыстары: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті СҚО-дағы ТЖ комиссиясының көшпелі отырыстары: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті СҚО-дағы ТЖ комиссиясының көшпелі отырыстары: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті СҚО-дағы ТЖ комиссиясының көшпелі отырыстары: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті СҚО-дағы ТЖ комиссиясының көшпелі отырыстары: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті СҚО-дағы ТЖ комиссиясының көшпелі отырыстары: Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басты міндеті

Қайрат Садиқов,
СҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс
басқармасының аға офицері,
подполковник

09.06.2017
Қараулар: 111