Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Назар аударыңыздар — терек үлпілі

Теректiң гүлдену уақыты басталды. Аула, көшелер, саябақтар терек үлпiлiмен жамылады. Ол шатырлардың саңылауларынан өтiп, жертөленiң iшiне толады, қоршаулар, тротуарлар мен ғимараттардың бойына жиналады, осымен ол өте жанғыш.

Терек үлпiлiнiң аса жанғыштығы өрт шығудың қаупiн төңдiредi. Кез-келген от көзi сөндiрiлмей тасталған шырпыны, темекi тұқылы — оның тұтануына мүмкiндiк туғызады. Ондай кезде өрт дереу үлкен алаңдарды алып кетедi. Терек үлпiлi жиналған орындарда ашық отпен абай болыңыз. Балаларды мұқият қарап жүрiңiз. Өйткенi олар ойнап жүрiп, тентек болып терек үлпiлiн жандырып жiбередi.

Теректiң гүлдену уақытында пайда болған осындай жануларды өрт сөндiру бөлiмшелерi тәулiк бойы кезекшiлiк атқаруларында екi есе жиi осындай жануларды сөндiруге шығады.

Шал ақын ауданын Төтенше жағдайлар бөлiмi баршамызды ересектер мен балаларды өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға шақырады. Терек үлпiлiн жандыруға өте қауiптi екенi, есiңiзде болсын! Отты пайдалануда абай болыңыз және балалардың шырпымен тентектiк жасауына жол бермеңiздер.

Назар аударыңыздар — терек үлпілі

Ержан Өтегенов,
СҚО ТЖД Шал ақын ауданының
Төтенше жағдайлар бойынша инженері,
азаматтық қорғау кіші лейтенанты

14.06.2017
Қараулар: 463