Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Петропавлда Орталық коммуникациялардың аймақтық қызметінде СҚО шұғыл өрт жағдайы және қыс мезгіліндегі ТЖ алдын алу тақырыбында брифинг өткізілді

2017 ж. 10.10. Петропавлда Орталық коммуникациялардың аймақтық қызметінде брифинг өткізіліп, СҚО СҚО шұғыл өрт жағдайы және қыс мезгіліндегі ТЖ алдын алу тақырыбы қарастырылды.

Брифингті ашқан СҚО ТЖ департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Денис Шуваев, БАҚ өкілдерінің назарын, қарастырылып жатқан мәселелердің және облыс халқының қауіпсіздігін берік қамтамасыз етудің маңыздылығына аударды. Денис Валентинович облыстағы өрт жағдайын сипаттайтын келесі цифраларды келтірді: «Жыл басына бері 502 өрт тіркелді, олардан келтірілген материалдық залал 66 млн. теңге құрады (бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27% төмен). Бұл жерде өрттердің жалпы санынан 78%-ы тұрғын үй секторында орын алған».

Ол өрттер және оларда қаза болғандар санының артқанын және де олардың басым көпшілігінің туындауына адами фактор себепкер екенін атап өтті: «Талдау көрсеткендей, әлі күнге дейін отпен абайсыздықтан болған өрттер бірінші орында- тұрғын секторындағы өрттердің жалпы санынан 37 % құрайды. Екінші орында электр құралдарын жинақтау және техникалық қолдану ережелерін бұзу — 25 %, пештерді салу және қолдану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу — 15 %, өзге себептер — 23%».

Басқарма бастығы, өткізіліп жатқан өрт қауіпсіздігі айлығының төңірегінде Департамент іс-шаралар кешенін өткізіп жатқанын, олардың мақсаты өрттер және оларда қаза болғандардың санын азайту екендігін атап өтті.

«Жылыту маусымының басынан бері 9788 аула араланып, 23178 адам қамтылды, 23234 жаднама таратылды. Халықпен 56 сход (жиналыс) өткізіліп, тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді, оларға 2033 адам қатысты».

Кейіннен СҚО ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Рүстем Жұмағалиевке сөз берілді. Рүстем Қайсарұлы тілшілердің назарына 2015-2016 жылдары қыс мезгілінің қорытындыларын жеткізді. Табиғаттың құбылмалылығына қарамастан, облыстың азаматтық қорғау жүйесі тиісті деңгейде қызмет атқарғанын атады. «213қар алып қалулардан 1517 бірлік техника құтқарылып, 4700 адамға көмек көрсетілді», — деді басқарма бастығы. 23 дауылдық ескертулер жарияланғанын, әр ретте халыққа ауа-райының жайсыздығы жөніндегі ақпарат БАҚ және ұялы байланыс операторларынан SMS тарату арқылы жеткізіліп отырғанын атап өтті. Алайда ескертулерді автокөлік жүргізушілері көбінесе ескермей, жол бойында тоқтап қалуына мәжбүр болған. Азаматтық қорғау офицері жылдың аса қауіпті кезеңінде қауіпсіздік ережелерін орындау қажеттілігі жөнінде ескертіп өтті.

«Қысқы жолдарда абай болыңыздар. Жолға жиналғанда барлығын жоспарлап, ойластырыңыздар. Апаттық жағдайда әр нәрсе маңызды! Метеорологиялық жаңалықтарды тыңдап, ауа-райының өзгеруін бақауға тырысыңыздар. Өз өміріңіз бен және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз!» — деп СҚО ТЖ департаментінің өкілі өз сөзін аяқтады.

Брифинг Брифинг Брифинг Брифинг

Жазира Қожахметова,
СҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы
бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасы
мемлекеттік өрт бақылау
тобының бас маманы
азаматтық қорғау подполковнигі

11.10.2017
Қараулар: 260