Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
СҚО ТЖ Департаментінде есірткі пайдалану мен өзіне-өзі қол жұмсауды алдын-алу бойынша семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы жеке құрамның идеологиялық және тәрбиелеу жқмыстарын жетілдіруге, қызметкерлердің кәсібиліктерін арттыру, тәртіп пен заңдылықты нығайтуға үнемі ерекше көңіл бөледі. Сенімділік қарым-қатынасын даму, қызметкерлер арасында позитивті өмір мақсаттарын қалыптастыру үшін тренигтер, әңгімелер өткізіледі.

Салауатты өмір салтын насихаттау, жеке құрам арасында өзі-өзіне қол жұмсау әрекетінің, есірткі заттары мен психотроптық заттарды пайдалануды алдын алу мақсатында, СҚО ТЖ Департаментінде «Алкоголизм мен темекі шегуді алдын алу», «Жеке құрамның есірткі заттары мен психотроптық заттарын пайдалануын алдын алу» тақырыптарында семинарлар өткізілді.ТЖ мамандарымен әңгімені «Облыстық наркологиялық орталығының» нарколог – дәрігері Виктор Троцкий өткізді.

Семинарлар әңгімелер формасында өткізілді. Олардың барысында барлық қатысушыларға әр адамның және оған жақын адамның өмірі мен денсаулығының жауапты әрекетіне байланысты, сенімсіз қарым-қатынас болмайтыны, адамға оған сенгенде жақсы болатыны жайында түсіндірілді. Сенім қарым-қатынастарды сау, бақытты және сенімді жасайды.

Виктор Сергеевич отбасында және ұжымда жақсы психологиялық климатты құрудың маңыздылығын атап өтті. ОЛ есірткіге салыну мен алкогольді қабылдаудың туындау қауіптерін төмендететін, өзіне – өзі қол жұмсауды алдын алатын факторлар туралы айтты. Бұл - әлеуметтік интеграция, отбасымен және достармен тығыз байланыс, өзін-өзі таныту мүмкіндіктері және жақсы физикалық жағдайлар, оң эмоцияларды алу көздерінің бар болуы (балалар, достар, үй жануарлары, хобби және т.б.).

Семинар үрдісінде Департаменттің қызметкерлері есірткі пайдаланушылардың өмірлері туралы бейнероликтерді тамашалап, сұрақтар қойды, іс-шараның жұмысына белсенді қатысты.

Әңгімелесу барысында әріптестерінің өміріне қызығушылық таныту, олармен әңгімелесу, қызметтік ұжым мүшелері арасындағы келіспеушілікке жол бермеу, ал бола қалған жағдайда оларды жою қажет екені ерекше айтылды.

Іс-шара соңында қатысушылар қонақтарға қызықты да, әрі танымды семинарларды өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.

Майра Кәрімова,
СҚО ТЖД КЖБ бас маманы,
азаматтық қорғау подполковнигі

12.06.2017
Қараулар: 276