Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Сәтті құтқару

Жаздың соңына дейiн аз уақыт қалғанына қарамастан СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерiнiң жұмысы қызу үстiнде. Жаздың шуақты күндерiнде суда уақыт өткiзудi қалайтындар аз емес.

8 тамыз күні Пестрое көлінде суға түскен кезде қауіпсіздік ережелеріне аса мән бермеген 20 жасар қыз үшін соңғы бола жаздады. Көлдің жағалауын патрульдеу кезінде құтқарушылар жаз қыздың қалтқы белгілерінен асып бара жатқанын байқады, біраздан кейін күші жетпей бата бастағанын байқады. Қызға құтқару бөлімшесінің басшысы Ережепов Олжастың басшылығымен қоғамдық құтқарушылар Алпысбаев Даурен және Елемесов Бейбіт көмекке келіді. Олар ТЖ жедел әрекет етіп, зардап шеккенді жағаға жеткізді.

СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы судағы қауiпсiздiк ережелерiн сақтау қажеттiгi туралы ескертедi; су асты тексерiлген, құтқарушылар кезекшiлiк ететiн жағажайларда шомылу керек, өзiңiзде адамды су бетiнде ұстай алатын құтқару дөңгелегi мен пенопласт түйiрi сияқты қарапайым құтқару құралдары болғаны дұрыс, жалғыз және түнгi уақытта суға түспеңiз.

Бақытсыз жағдай бола қалса — көмекке асығыңыз, батып бара жатқан адамға суда қалқитын кез-келген затты лақтырып, 112 телефонына қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырыңыз.

Сәтті құтқару Сәтті құтқару Сәтті құтқару

Гүлмира Салықова,
«СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ
Бас құтқарушысы

09.08.2017
Қараулар: 159