Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Ашық тұрған терезе трагедиялары — қайталанбауы тиіс

Бұл оқиға Петропавл қаласында бірнеше жыл бұрын болған.Жаздың бір шуақты күнінде ата- анасының қарауынсыз қалған 5 жасар қыз, әлемді терезеден көрмекші болды. 5-қабатты көппәтерлі үйдің 5-ші қабатынан құлаған қызды құтқаруға үміт қалдырмады...

Өкінішке орай, балалардың терезеден құлауы сирек кездесетін жағдай емес, сәбилер танымайтын белгісіз нәрселерге деген қызығушылықтары туып, қорқыныш дегенді түсінбейді. Алайда, соңғы уақытта, күннің ысып кетуіне байланысты, балалардың биіктіктен құлау санының өсуі тіркелген. Тек, а.ж. 2-ші тоқсанында республика бойынша, 31 балалардың терезеден құлау оқиғалары болды. Нәтижесінде 7 бала қаза тауып, 24 бала әр түрлі дене жарақатын алып, емдеу мекемелеріне жатқызылды.

Жазатайым оқиғалардың себебі неде? Қайғылы оқиғаның қайталанбауы үшін, қандай іс-әрекет қолдану керек?

Көп жағдайда балалар өз бетінше терезенің алдында арналған тақтайын пайдалана отырып, әр түрлі жиһаздарға шығып және шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйене отырып сонымен бірге құлап кету оқиғалары болды.

Осыдан қортынды жасасақ: негізгі себеп-үлкендердің бақылауынсыз қалған балалар, терезе жабуды ұмытып кеткен жақын туыстарының аңғалдығынан. Екінші-жиһаздардың дұрыс қойылмауы, балалардың өз беттерінше терезе алдына шығуларына ынғайлы етіп қоюынан. Ақырында шыбын- шіркейден қорғайтын торлар, ауыр көтеруге есептелмеген терезенің жабық тұрған тәрізді болуынан.

Қорғау шаралары:

  • егер бала үйде болса,терезені ашық қалдырмау;
  • терезенің тиісті қорғауы болмаса, шыбын — шіркейден қорғайтын торларды сенімді тірек ретінде пайдаланбау — балалар оған сүйеніп тұрғанды ұнатады;
  • әйнек есікті болконның алдында немесе терезе алдында ойнап жүрген балаларды қараусыз қалдырмау;
  • балалар терезенің алдына шығып, төмен құламау үшін, жиһаздарды терезенің алдына коймау;
  • балаларға қауіпсіздік туралы сабақ өткізу, үлкен балаларды, кішкентай бүлдіршіндерге қамқор болуды үйрету;
  • балалар терезені өз беттерінше ашпау үшін, терезеге блокиратор немесе оның тұтқасына құлып орнату керек.

СҚО ТЖ Департаменті
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев

10.08.2017
Қараулар: 89