Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Құтқарушылармен тимбилдинг

Ұжымдағы қолайлы жағдай — бұл табысты еңбек үдерісінің маңызды көрсеткіші. Осыған байланысты Пестрое көлі қалалық жағажайында медициналық-психологиялық бөлімшенің бас құтқарушысы-психолог жедел-құтқару жасағының жеке құрамымен және «Қазқұтқару» қатысушыларымен 2 сағатқа есептелген «Барлығымыз біз күшпіз» тақырыбында тимбилдинг өткізді, онда 20 қызметкер қатысты.

Тимбилдинг бейресми қатынаста өтті. Психологиялық жеңілдену, команданың бірігуі, көшбасшыны анықтау, өзара тиімді әрекет ету мақсатында мына жаттығулар жинақталды: «Ұжымдық есеп», «Орталық», «Балық аулау», «Кеме апаты», «Үнсіз телефон», «Алқа», «Эстафета таяғы», «Пианино». Құтқарушылар іс-шараға белсенді қатысты.

Бірігуге арналған жаттығулар тренинг қатысушыларына бірыңғай үйлесімді команда болуға, ішкі күш қуат алуға, бір-біріне көп сенуге, өзінің ішкі жағдайын бағалауға және жағымсыз эмоция мен күйзелісті шығаруға көмектесті.

Тренинг кері байланысты алу үшін рефлексия үдерісімен аяқталды.

Құтқарушылармен тимбилдинг Құтқарушылармен тимбилдинг Құтқарушылармен тимбилдинг Құтқарушылармен тимбилдинг Құтқарушылармен тимбилдинг Құтқарушылармен тимбилдинг

Мадина Ташмаханова,
«СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ
бас құтқарушы-психолог

09.08.2017
Қараулар: 179