Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Құтқарушылар еңбек ардагерлерінде қонақта

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы үшін еңбек ардагерлеріне қамқорлық таныту және көңіл бөлу жақсы әдетке айналды. Бұндай іс-шаралар қарттар күніне орай ғана ұйымдастырылмай, күнделікті атқарылып жатады.

Жыл сайын құтқарушылар құрметті зейнеткерлерге сый-құрмет және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Осы жолы да олар сыртта қалмады. Сафарова Ашира Гарифовна, Селютина Дея Егоровна және Мансурова Мария Дмитриевна қонақтарды қуанышпен қарсы алды. Зейнеткерлермен кездесу соңында құтқарушылар оларға мықты денсулық және ұзақ өмір тіледі.

Қарт адамдар қонақтарға iлтипаттары мен қамқорлықтарына ризашылықтарын бiлдiрiп, өз тараптарынан бейбiтшiлік, ашық аспан және қызметерiне сәттiлiк тiледi.

Құтқарушылар еңбек ардагерлерінде қонақта

Құтқарушылар еңбек ардагерлерінде қонақта

Мадина Ташмаханова,
«СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы» ММ
Бас құтқарушы-психологі

12.10.2017
Қараулар: 86