Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары «Жер-2017» жаттығуына бара жатып, ЖКО тап болған машинаның жүргізушісіне көмек көрсетті

2017 жылғы 5 қазан таңертеңмен СҚО ТЖ Департаментінің автокөліктер легі, оның ішінде 4 бірлік арнайы техника мен құрылымдық бөлімшелерімен және ҚР ІІМ ТЖК аумақтық органы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамының 17 адамы Петропавл қаласынан Астанаға бет алды. Іссапардың мақсаты — өткізілетін «Жер-2017» республикалық оқу-жаттығу аясындағы тәжірибелік шараларды жасап көру, топ Республикамыздың оңтүстігінде қатты жер сілкінісі болған жағдайда халыққа қорғау және эвакуациялау шараларының кешенін ұйымдастыруға арналған. Келіп жету бекеті — Тараз қаласы, жақын жерде Қазақстанның барлық облыстарынан келген жаттығудың қатысушыларына арналған шатырлы қалашық орналасқан.

СҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Болатжан Асқарбеков жолға шығар алдында топтың жеке құрамымен толық нұсқамалық жүргізді, ол онда әскери тәртіп пен жол қозғалысы ережелеріне баса назар аударды. Көкшетау қаласына жақындаған кезде Департаменттің қызметкерлері аға офицердің ақылын тәжірибеде қолданды – олар көктайғақтың тұсауына түскен жүк автомобилінің жүргізушісіне көмек көрсетті. Басқарудан айрылған автомобиль жолдан жыраға түсіп кеткен. Жарақаттанбай, аударылған «Газельден» шыққан жүргізушіні жанынан өтіп бара жатқан құтқарушылар көреді. Петропавлға Астанадан тауар тиеген ер адамға медициналық көмек қажет болмады, бірақ солтүстік қазақстандықтар машинаны қайта доңғалағына қоюға көмектесті, оған моральды көмек берген. Жүргізуші көмек көрсеткен құтқарушыларға шексіз алғысын білдірді.

Бағана өз қозғалысын жалғастырды, СҚО азаматтық қорғау қызметтерінің мамандары Таразға келген кезде аса маңызды тәжірибелік шараға дайындалу процесіне әзірленді. Оларға осы сынақтан сүрінбей өтулеріне, алда келе жатқан 19 қазан мерекесіне — Құтқарушылар күнін атап өту қарсаңында Отанымыз — Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін нығайту ісіне лайықты үлес қосуларына тілектеспіз!

Инструктаж перед выездом на учение проводит майор гражданской защиты Б. Аскарбеков Колонна ДЧС СКО на марше Оказание помощи водителю автомобиля, попавшего в ДТП вблизи г.Кокшетау Построение группировки ДЧС СКО перед убытием на республиканское учение Жер 2017

СҚО ТЖ Департаментінің, «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат топтары

09.10.2017
Қараулар: 346