Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді

Петропавл қаласында «Жоғары қабатты ғимараттарда өртті сөндіру тактикасы» тақырыбында жоспарлы өрт-тактикалық жаттығу өтті. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрт сөндірушілердің практикалық әрекеттерін және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара әрекеттерді жасап көру мақсатында 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді.

ӨТЖ өткізуге №1 өрт сөндіру бөлімі, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, СҚО ТЖД офицерлік құрамы, өрт сөндіру қызметтері, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, аппаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет жасау бригадасы жұмылдырылды. Жаттығуға барлығы 40 аса адам және 8 бірлік техника қатысты.

Жаттығудың тактикалық түпкі ойына сәйкес 9 қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Кіреберіс қатты түтіндеп, адамдардың өміріне қауіп төнді. Екі жауынгерлік учаске құрылды, тыныс органдарын жеке қорғау құралдарына қосылумен газ түтіннен қорғау қызметінің 3 буыны құрылды. Жеке құрам автосатының көмегімен ғимараттың жоғары қабаттарынан 32 адамды, оның ішінде 10 баланы жедел эвакуациялады.

Өрт сөндірушілердің келісілген, үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт ошағы тез ауыздықталды, ал өрт жарты сағатқа жеткізілмей толығымен сөндірілді.

Жаттығу аяқталған соң бірден оқу-жаттығудың өткізілуін сырттай қарап, бағалап тұрған өрт сөндіру басшылары шартты төтенше жағдайды жою барысына егжей-тегжейлі талдау жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша жаттығуға қатысқандар жоғары кәсіби, білікті, келісілген әрекеттерін көрсетті және қойылған тапсырманы сәтті орындады.

Өртке қауіпті маусымның басталуына байланысты кәсіби дайындықтарын жетілдіру үшін осындай жаттығулар өте маңызды, себебі өрттің 80 % негізінде тұрғын секторда, оның ішінде көп қабатты үйлерде пайда болады. Облыста жыл басынан бастап 344 өрт болды, оның салдарынан 54 млн. теңгеден астам шығын шықты. Өрт 10 адамнын, оның ішінде 1 баланың өмірін алып кетті. Петропавл қаласы бойынша 114 өрт тіркелді, материалдық шығын зиян 28 млн.теңгеден асады, 3 адам өрттің құрбаны болды.

Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді Петропавл қ. өрт сөндірушілері 10 қабатты тұрғын үйде жаттығу өткізді

Әсет Сердалин,
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ
кезекші өрт сөндіру қызметі
жедел кезекшінің орынбасары,
азаматтық қорғау майоры

15.06.2017
Қараулар: 233