Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Су маңындағы демалыс

Өзен мен көлдердің жағасындағы белсенді демалыс – біз үшін үйренішікті жағдай. Белгілі оқыс оқиға болмайынша, біз судағы қауіп-қатер жайлы ойланбаймыз. Ал егер судағы қауіпсіздік ережесін сақтасақ, судағы демалыс біз және біздің жақындарымыз үшін шын мәнінде қауіпсіз болмақ.

Жыл басынан бері 23 солтүстікқазақстандықтар су құрбанынан апат болды, оның 3 кәмелет жасқа толмағандар,оның ішінде 15 адам суға шомылу кезінде қаза болды. Соңғы судағы оқыс оқиға 5 тамыз күні Тайынша ауданында Чаглинка өзенінде 1993 жылғы жас жігіт, куәгерлердің айтуы бойынша мас күйінде болған. Қайғылы оқиға шомылуға жабдықталмаған жерде СҚО Тайынша ауданының Чаглинка өзенінде суға шомылу кезінде орын алды. Келесі күні таңертең оның мүрдесі Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен көтерілді. Ағымдағы жылы құтқарушылардың уақытылы әрекет етуінің арқасында 31 адамның өмірі құтқарылды.

СҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ қала тұрғындары мен қонақтарына су айдынында, демалу орындарында мұқият болуды және су айдынында, демалу орындарында болғанда рұқсат етілмейді:

  1. мас күйінде немесе есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
  2. қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
  3. тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
  4. жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
  5. жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
  6. жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
  7. жалған дабыл беріп айғайлауға;
  8. техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
  9. балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейтінін.

Үлкендерге өздері үшін ғана жауапты болмай, балалар үшін де жауапты екендерін ұмытпаған жөн және міндетті түрде су жағалауларында олардың қауіпсіздік ережелерін сақтауларын қадағалаңыздар.

Облысымыздың жүзу құралдарында балық аулайтын балықшыларын да қауіпсіздік ережесі туралы ескерткен жөн. Қайықтардың техникалық жағдайы дұрыс, құтқару құралдарымен жабдықталған болуы тиіс.

Жүзу құралында құтқару кеудешесісіз шығуға тиым салынады. Ауа-райы жаман болған жағдайда шығуға және кәмелет жасқа толмаған балаларға жүзу құралдарын басқаруға рұқсат етуге болмайды.

Осындай қарапайым ережелерді есте ылғи ұстаған жөн. ­­Өйтпегенде, өз атыңызбен қайғылы тізімді толтыруыңыз мүмкін.

Гүлмира Салықова
СҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ
бас құтқарушысы

09.08.2017
Қараулар: 82