Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Абайлаңыз: теректің ұлпасы! Жану қауіпінен өрт сөндірушілер ескертеді

Жаз туды, жақын уақытта терек ағаштарынан ұлпалардың түсуі басталады. Тұрғын үйлер мен құрылыстардың маңына жиналған терек ұлпалары өрт қауіпін туғызады. Сөндірмей тасталған сіріңке, темекі тұқылы, балалардың отпен ойнауы сияқты әрекеттерден тек терек ұлпалары ғана емес жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың өртенуіне әкеп соғуы мүмкін. Абайсыз болулардың нәтижесінде өрт туындап, қомақты шығынға ұшырамаңыздар деп — Қызылжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді және терек ұлпасынан келетін жайсыз жағдайлардан сақ болуға бір қатар кеңестер береді,

Терек ұлпасы, жапырақтар мен қоқыс жиналған орындарға от салмаңыздар. Ғимараттар маңына, үй ауласына жиналған терек ұлпаларын, жапырақтарды және қоқыстарды уақытылы тазалау керек. Ұлпаларға су шашып, сыпырып бір орынға жинап, қоқыс салатын контейнерлерге тастаңыздар. Осы қарапайым ережені сақтасақ өрттердің туындау мүмкіндігі едәуір шегереді.

Абайлаңыз: теректің ұлпасы! Жану қауіпінен өрт сөндірушілер ескертеді

Данияр Қалелов,
Қызылжар ауданы ТЖБ инженері,
азаматтық қорғау лейтенанты

12.06.2017
Қараулар: 340