Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 2017 жылдың қыркүйеғінде болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың анықталған даму беталысы туралы шолу талдамалы ақпараты

2017 жылдың тоғыз айы ішінде табиғи және техногендік сипаттағы 75 төтенше жағдайлар тіркелді (2016 — 104), онда 81 (2016— 91) адам зардап шекті, оның ішінде 50 (2016 — 62, —19% ) қаза тапты.

Ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел шығулары мен жүргізген авариялық—құтқару жұмыстары

СҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мекемелерімен («ӨС және АҚЖҚ» ММ, «ЖҚЖ» ММ, «МАО» ММ) 2153 (2016 — 1815) жеделшығу жасалды, өткен жылмен салыстырғанда— 19% артты, оның ішінде:

тұрмыстық сипаттағы — 628 (2016 — 482), 30%—ға артты;

авариялық—құтқару жұмыстары — 406 (2016 — 543), 25%— ға азайды;

құтқару және іздеу — 40 (2016 — 34), 18%—ға артты;

жол—көлік оқиғалары— 17 (2016 — 33)— 48%— ға азайды.

өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жанулар — 999 (2016— 624), 60% артты;

жалған шығулар және расталмаған фактілер — 63 (2016 — 99), 36% азайды.

2017 жылдың басынан бастап бөлімшелермен:

504 адам (2016 — 391) — құтқарылды, 29%—ға артты, оның ішінде:

«ӨС және АҚЖҚ» ММ — 57 (2016 — 126), 2 есе азайды;

«ЖҚЖ» ММ — 420 (2016— 238), 76%—ға артты;

«МАО» ММ — 27 (2016 — 27).

2955 (2016— 2691) эвакуацияланды— 10%— ға артты, оның ішінде:

«ӨС және АҚЖҚ» ММ— 1920 (2016 — 1331), 44%—ға артты;

«ЖҚЖ» ММ — 1021 (2016 — 1345), 24%— ға азайды;

«МАО» ММ — 14 (2016 — 15), 7%—ға азайды.

дәрігерге дейінгі медициналық көмек 257 рет көрсетілді(2016 — 262), 2%— ға азайды, оның ішінде:

«ӨС және АҚЖҚ» ММ— 4 (2016 — 1) 4 есе артты;

«ЖҚЖ» ММ — 57 (2016— 48), 19%—ға артты;

«МАО» ММ— 196 (2016 — 213), 8%— ға азайды.

2017 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында 504 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (2016 — 476 өрт болды), онда 30 адам зардап шекті (2016— 31 адам) және 16 адам қаза болды (2016 — 13 адам). Материалдық зиян 66 млн. 246 мың теңгені құрады (2016 — 90 млн. 490тыс. тенге, —27%).

1051 тексеріс (2016— 1545) іске асырылды, 32%— ға азайды, 2011 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылық анықталды (2016 — 3598). Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымдар— 489 оның ішінде: 94 ескерту мен 395 айыппұл, 94 заңды тұлға 5 млн. 615 мың. 775 теңге сомаға, 177 лауазымды тұлға 6 млн. 330 мың. 510 теңге сомаға, 124 жеке тұлғалар 1 млн. 399 мың. 973 теңге сомаға айыппұл салынды.

Сотқа 14 талап арыздар жолданды (2016 — 38).

Есептік кезеңде «112» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны— 220166 құрайды, оның ішінде:

  • негізгі қызмет бойынша — 49089;
  • «101» — 1459;
  • «102» — 4162;
  • «103» — 2487;
  • ақпараттық—анықтамалық сипаттағы — 78199;
  • өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап)— 84770.

Есептік кезеңде «101» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны — 35666 құрайды, оның ішінде:

  • негізгі қызмет бойынша— 10580;
  • табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ әрекет ету сұрақтары бойынша — 3853;
  • «102» — 177;
  • «103» — 221;
  • ақпараттық—анықтамалық сипаттағы— 7105;
  • өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап)— 13730.

 

12.10.2017
Қараулар: 51