Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Одан үлгі алу керек

«Солтүстік Қазақстаноблысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің оку сыныбында № 3 МӨСБ бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Арғымбаев Азамат Мұратұлын құрметті демалысқа шығарып салды.

Азамат Мұратұлы 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы Сарман ауылында дүниеге келді. 10 жылдық мектепті тәмәндап, кейін «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша есеп-экономикалық техникумға оқуға түскен.

Өз жолын 1990 жылы әскери борышын өтеуден бастаған, әскери қызметін Калининград қаласында өтеген. Осы кісінің бойындағы рухани қасиеттер, батылдық, мақсатқа талпынушылық ішкі әскерде қызмет өтеп жүргенде дарыған. Әскери борышын өтеген соң туған ауданына қайтып оралады, онда әртүрлі жұмыстар жасап, «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша есеп-экономикалық техникумындағы оқуын жалғастырады. Ал 2002 жылы Петропавл қаласының № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі лауазымына өртке қарсы қызмет органдарына қабылданады, міне осы жұмыс орында 15 жыл бойы қызметін адал атқарды және өзін сауатты, жауапкершілігі мол маман ретінде жақсы жағынан көрсете білді.

Азамат Мұратұлы секілді адамдарды — еңбексүйгіш деп атайды, бұл сөздің астарында ұқыптылық, іскерлік, табандылық, нормативтік құжаттардың талаптарын сендіре дәлелдей алатын сияқты мағына жатыр. Бұл адамнан үнемі ақыл-кеңес сұрауға болады, көмек сұрап барғанда бет қайтармай, түсіністікпен қарап, өз ойымен бөлісетін адамдардын бірі дәл осы кісі. Сөйте тұра, оның өзін-өзі жетілдіруге, арнайы және әдеби әдебиеттерді оқуға уақыт таба алатын жан.

Әдетте, істе жетістіктерге жету үшін мықты тірек болу керек. Бұл кісінің бұл жолда да жолы болды. Үйдіңұйытқысы болып жүрген жан-жары — Әлия, көмекші ұлдары — Алмас және Мирас.

Азамат Мұратұлы қызмет атқарған жылдарында ІІІ және ІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.

Соңғы жылдары өрт сөндіру бөлімшелері түрленуде, жас мамандармен толықтырылуда. Олар өздерініңқызметтік міндеттерін адал атқарады. Күн демей, түн демей өздерінің міндеттерін абыроймен атқаруға және өрттер мен ТЖ жоюға әрқашан дайын. Өмірдің қиын сәттерінде олар өздеріне сенімді, өйткені оларды Азамат Мұратұлы сияқты тәлімгерден тәрбие алғандар.

«Мерейтой иесі» үшін ерекше күні оны бөлім бастығының орынбасары азаматтық корғау капитаны Хаирлин Жанат Мейрамұлы және әріптестері құттықтады.

«СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің ұжымы Азамат Мұратұлын құрметті демалысқа шығуына байланысты құттықтап, оған зор денсаулық және отбасына бақыт және амандық тілейді.

Одан үлгі алу керек Одан үлгі алу керек Одан үлгі алу керек

Мұса Жақсыбаев
Петропавл қаласының № 3 МӨСБ аға инженері

05.10.2017
Қараулар: 155