Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Құтқарушылар мұражайы өз есіктерін ашты

Өткен аптада, Құтқарушылар күні қарсанында. Осы жағдайға орай Петропавл қ. № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет мұражайы өз есіктерін «Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернаты » КММ оқушыларына ашты.

Мында оқушыларға негізгі және маманданған мақсаттағы өрт сөндіру техникасы, өрт сөндірушінің әскери киім-кешегі мен жабдықтары көрсетілді. Өртке қарсы қызмет музейіндегі экскурсия кезінде экскурсияға қатысушылар өрттен қорғау тарихы мен өрт сөндірушілердің жұмыс жағдайымен танысып қана қоймай, отпен абайсыз қолданғанда әкеліп соғатын, қайғылы зардаптар туралы ақпарат алды. Отпен қолданудың көрнекі және тәжірибелік дағыдалрын түсіндіру экскурсияның басты мақсаты болды.

Өрт сөндірушілер оқушылардың көз алдында АЛ-31 автобаспалдағының стераласын шығарғанда, оқушылар ерекше көңіл аударып, болып жатқан оқиғаларға терең қызуғышылық танытты. Экскурсия соңында өрт сөндірушілер балалармен суретке түсіп, әр қонаққа кездесу туралы естелік ретінде «Пожарный и спасатель Казахстана» ведомствалық журналын сыйға тарттты.

Құтқарушылар мұражайы өз есіктерін ашты Құтқарушылар мұражайы өз есіктерін ашты Құтқарушылар мұражайы өз есіктерін ашты

Жанат Хаирлин
Петропавл қ. № 3-МӨСБ
бастығының орынбасары
азаматтық қорғау капитаны

10.10.2017
Қараулар: 88