Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Өрт қауіпсіздігі бойынша айлық

Әр өрт — драмалық оқиға, соңында қожайындары үшін материалдық шығынмен және психологиялық күйзеліспен аяқталады. Ең болмағанда — адамдардың қайтыс болуымен, соның ішінде балалар...

2017 жылдың басынан Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының аумағында 14 өрт және 31 құрғақ шөптің жануы болды. ТЖ алдын алу мақсатында «СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық — құтқару жұмыстары қызметі» ММ Сергеевка қаласының № 20 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы халықпен жұмыс істеудің тиімді әдісін қолданумен СҚО өткізіліп жатқан өрт қауіпсіздігі айлығына белсене қатысып жатыр — әңгімелесу жүргізу және бояулы суреттермен безендірілген көрнекіліктер — өр қауіпсіздік ережесін сақтау тақырыбы бойынша жадынамалар және парақшалар таратылды. Халыққа өрттің алдын алу және жою, өрттен кейінгі қайғылы жағдайлар туралы түсіндірілді.

Сондықтан аудан орталығы Сергеевка қаласының көшелерінде, Мерген, Жалтыр, Жаңаталап, Қаратал және Ыбыраев ауылдарын өрт бөлімінің офицерлері және қатардағы жануынгерлері ауданның ТЖ бөлімінің қызметкерлерімен және полиция инспекторларымен бірлесе «қызыл әтеш» қауіпсіздігі туралы және газдық және электрлік құрылғыларды, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым, бірақ тиімді ережелері түсіндірілді. Отпен балалардың тентектігі туралы ескертілді: сіреңке мен оттықты балалардың қолы жетпейтін жерге қою — балалардың қауіпсіздігінің кепілі.

Бөлімнің жеке құрамының жұмысы туралы келесі сандармен айтуға болады: үй үйді аралау жүргізу барысында 1215 дана жадынама таратылды. Бұл жұмыс күшейтілген тәртіппен жүргізіліп жатыр, өйткені алда от жағу маусымы.

 Өрт қауіпсіздігі бойынша айлық

Өрт қауіпсіздігі бойынша айлық

Болат Әбішев
Сергеевка қаласы 20-ӨСБ бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі

12.10.2017
Қараулар: 245