Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Өрт сынақ зертханасы — СҚО өрттерді сынаудың заманауи тәсілі

Өрттің себептерін анықтау — жауапты да көп еңбекті талап ететін іс. Кей кезде шындыққа қол жеткізу үшін оттың шығу көзін және таралу динамикасын егжей-тегжейлі анықтауға тура келеді, бұл кезде кәдімгі тергеуші мен криминалистке айналасың, көптеген сыртқы деректерді ескере отырып, өртке жете талдау жасау керек. Сондықтан 2013 жылдан бастап болған өрттерді зерттейтін өрт сынақ зертханасының «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жарағында пайда болуы өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметтің тергеу жұмысының даму кезеңіндегі ең маңызды шарттардың бірі.

ӨСЗ өрт сөндіру қызметінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, штаттық санға сәйкес мұнда өрттерге шығатын және жылжымалы өрт-техникалық зертханасында (ЖӨТЗ) зертханалық зерттеулер жүргізетін екі маман жұмыс істейді.

Зертхананың мамандары 2017 жылдың басынан бастап 109 өртке шықты, соның ішінде 64 ЖӨТЗ барды. Маман Ішкі істер басқармасының (ішкі істер басқармасының аудандық бөлімдері) тергеу органдары қаулыларының қорытындысы мен Петропавл қ. ТЖ жөніндегі басқармасы инженерлерінің баянаттары бойынша 109 шығудың ішінен 60 өрт бойынша және тұншықтырғыш газбен улану дерегі бойынша қорытынды дайындады.

ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің орталықтандырылған жеткізілімінің арқасында зертхана далалық жағдайларда, яғни өрттің тікелей орнында өрттің себебі мен ошағын, сондай-ақ оттың таралу жолын анықтауға мүмкіншілік беретін жабдықпен жабдықталған. Өрттің себептері туралы 58 қорытынды далалық жағдайларда берілді. «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Өрт сынақ зертханасының мамандары уақыт аралығы бойынша барлық қорытындыларды 3 тәулікке дейін берген.

Зерттеудің негізгі объектілері – тұрғын серторлары екенін, ал өрттердің пайда болуының негізгі себептері – қысқа тұйықталу, от көзінің төмен калорияда тиюі, сондай-ақ жылыту аспаптарын қолданған кезде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзу болып табылатынын айта кету керек.

Өрттерді зерттеу бойынша топтың жеке құрамы Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ Комитеті ұйымдастыратын үйретуші (оқыту) семинар-кеңестерге бару арқылы өздерінің кәсіби және білім деңгейін үнемі арттырады.

Өрттерді зерттеу бойынша мамандар 2017 жылдың екінші тоқсанында «Өрттің туындауына әкеліп соққан тұрмыстық газ баллонына тексеріс жүргізу бойынша әдістеме» дайындап шығарды. Бұл жұмыста газ жабдығына және оқиға орнына (өрт, шығып кету) көзбен тексеруді сапалы жүргізу, одан әрі өрттің және жабдықтың істен шығуының себептері қарастырылады. Осы жұмыстың құндылығы – өрттің кеңінен таралған себептерінің бірін қысқа мерзімде анықтауға және оған сапалы талдау жасауға көмектеседі. Әдістеме Қазақстан Республикасының өзге де өңірлерінде кеңінен қолдану үшін Төтенше жағдайлар комитетіне жолданды.

Зертхананың жұмыс қорытындысы өрттерді сынаудың заманауи әдістерін қолдану өрт сөндіру қызметінің барлық жұмысының тиімділігіне әсер ететінін көрсетті, себебі өрттің себептерін нақты және жедел анықтау халық арасында алдын алу жұмыстарын жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде осы ТЖ туындауын төмендетеді.

Өрт сынақ зертханасы Өрт сынақ зертханасы Өрт сынақ зертханасы

«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі»
ММ Петропавл қ. № 2 мамандандырылған
өрт сөндіру бөлімінің инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
Ирина Щеголева

11.10.2017
Қараулар: 272