Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Батыр әйелдер қашанда қызмет етуге даяр

Жыл сайын Қазақстанда 23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі. Бұл мереке - күн сайын халыққа қызмет атқарып жүрген, қайратты жандарға деген алғыстың белгісі болып табылады. Батыр және қайратты жандар – олар әрқашан қызмет тұғырында.

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жаны нәзік, сұлуққа ие, сонымен қатар рухы биік, бастамашыл және талапшыл әйелдер қызмет атқарады.

Хикаямыздағы батырлар ұжымда сый құрметпен беделге ие. Жылдар бойғы қызмет уақытында жинаған тәжірибесі бар, әйелдердің нағыз үлгі көрсетуге лайықтылары болып табылады. Әңгіме СҚО ТЖД Құжаттамалық қамтамасыз ету тобының бас маманы Әсия Баталова мен СҚО ТЖД Қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маманы – бас бухгалтері Светлана Михальская жайлы айтылмақшы.

Әсия БаталоваБүгінде Әсия Баталова жас ұрпаққа – еңбекқорлықтың, мақсат қоюшылықтың, жауапкершіліктің қандай болу керек екендігіне нағыз үлгі көрсетеді.

Ол 15 жылдан астам Департаментте қызмет етеді. Оның қызмет еңбегі Тараз қаласындағы суперфосфат зауытындағы 5 – ші разрядттағы күкірт қышқыл цехының аппаратшысы болып қызмет атқаруынан басталған.

Он жылдай ол еліміздің түрлі зауыттары мен фабрикаларында мамандығы бойынша жұмыс істеді. Әсия Қалелқызы Төтенше жағдайлар басқармасына 2002 жылы келді.

Ол кезде техногендік ТЖ бойынша бас маман қажет болған. Конкурстық іріктеуден өтіп, ол төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінде қызмет етті.

Ол кездерді Әсия Қалелқызы әлі күнге дейін есіне алады: «Өзіме, техноген маман ретінде түрлі ТЖ, қатты улы заттар ғана сақталатын химиялық қауіпті бақылаудағы обьектілерге шығу тура келетін, онда негізінен хлор мен аммиак сақталатын, басқа аспект – гидротехникалық имараттарды қауіпсіз пайдалануды бақылау – менің міндетім болатын!».

Уақыт өте келе оның қызмет түрі тағы да өзгеріп, ол СҚО ТЖД құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімін басқарды, ол салада оның филологиялық білімі мен тәжірибесі қажет болды. Әсия Қалелқызы туған тілді насихаттайтындардың белсендісі болған және қазірде сол жұмысын жалғастыруда.

Жас кезінде ол қазақ тілінде көптеген өлең жолдарын жазды. Өзінің сезімі мен көргенін, сүйнегін жазды. Соңғы жылдары ол өлең жазудан алшақ кеткенмен, әлі уақыт алда деп санайды. Күмбірлеген әсем дауысқа ие бола тұра, домбырада күй шертіп, Әсия Қалелқызы ұдайы түрде түрлі концерттер мен конкурстарда көрермендерге өзінің дарынын паш етеді.

Оның өмірінде отбасы басты орында, себебі дәл осында адамгершіліктің, рухани құндылықтың негізі қаланып, адамдарды бір – бірін құрметтеуге үйретеді: «Өз балаларыңа, туғандарыңа, жақындарыңа қажет болуың өте маңызды, ал ол үшін жүректе махаббат болу керек. Әрқашан махаббат сыйлай білу керек, ол әрқашан нәзік, мықты және сүйікті болуға көмектеседі».

Еңбек еткен жылдары Әсия Баталова көптеген наградалармен марапатталған: Министрліктің және ТЖ департаментінің, қала әкімдігінің, мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен, грамоталарымен, азаматтық қорғау қызметінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған медальмен.

«Мен, менің әріптестерім сияқты Отаныма адал қызмет етуге ант қабылдадым, осы мүмкіндікке тағдырыма ризамын, сондықтан әрбір іске өзімнің ішкі бағытымды, жылдар бойғы тәжірибемді, білімім мен борыштық сезімімді арнаймын».

Светлана МихальскаяСветлана Михальская Қазақстант Республикасының төтенше жағдайлар жүйесінде 24 жылдан астам уақыт қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта ол – СҚО ТЖД қаржымен қамтамасыз ету тобының бас маман – бас бухгалтері. Светлана Леонидовна өзінің нағыз бейімділігін бір сәтте ала қойған жоқ.

Мамандығы бойынша экономитс, ол түрлі ұйымдарда қызмет атқарды, содан соң өмір ағымы оны ТЖ Департаментіне әкелді. Светлана Леонидовнаның айтуынша оның өмірінде жұмыс бірінші орында, себебе ол уақытының көбін жұмысқа арнайды.

Ол өзінің өмір жолын былай сипаттады: «Әр адамға өмірде бір сынақ кездеседі, біздің сәттілігіміз осы тосқауылдарды қалай жеңсек соған байланысты болып, нәтижесінде өмірде жаңа кезеңнің бастамасы болып табылады».

Жауапкершілігі бол, назар қоюлығы жоғары, құзыреттілігі жақсы, жақсы ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз ісінің маманы.

Светлана Леонидовна ұжымда беделді және сыйлы. Ол өзінің білімін ұдайы арттырумен айналысады және тәжірибесімен жас мамандармен бөліседі.

«Светланой Леонидовнамен 2008 жылдан бастап бірге жұмыс жасаймыз. Айтқым келетіні ол әріптес, қызметкер, басшы ретінде өте еңбекқор, адал, бастамашыл. Одан басқасы –ол мықты тәлімгер. Мен одан қызметтеде, кейбір өмірлік сұрақтарда да көп нәрсеге үйрендім. Бастысы Светлана Леонидовна жақсы дос, ал ол адам үшін баға жетпес сапа. Ол әрдайым қиын сәттерде сөзімен және ісімен көмек көрсетеді», - деді

Айгүл Башенова, Светланы Леонидовнаның әріптесі. Светлана Леонидовна – қалыптасқан тұлға, нағыз қызметкер, әйел, ана және әже. Немересі Александра3жаста. Ұлы өз отбасымен Екатеринбург қаласынан қонаққа келгенде, үйінің іші қызық пен қуанышқа бөленеді. «Менің ойымша өмірдегі бақыт – ол сүйікті отбасы, жұмыс, достар. Өмір – ол сый - сияпат, сондықтан әрбір күнді қуанышпен өткізу керек», - деп өз ойымен бөлісті біздің батырымыз.

Төтенше жағдайлар департаментіндегі жұмыс қауырт жұмыс кестесімен, жүздеген адамдардың өміріне деген жауапкершілікпен байланысты. Қызмет атқару – ол өзіңді Отаныңа қызмет атқару үшін толықтай арнау. Осындай міндетті әрқашан қызметтегі біздің батырларымыз, батыл әйел қызметкерлеріміз оңай еңсеруде.

Евгения Корешкова, Дарья Пышмынцева,
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 3-курс студенттері
«Журналистика» факультеті

15.06.2017
Қараулар: 78