Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
СҚО ТЖД: өрт қауіпті кезеңде өзін қалай қауіпсіздендіруге болады

СҚО ТЖД: өрт қауіпті кезеңде өзін қалай қауіпсіздендіруге боладыЖаз әдеттегідей ерте келді. Мамырдың басында ауа райы құбылып, бірде қар, бірде жауын жауып, үйлер маңындағы учаскелер, дала алаптарындағы өткен жылдың шөбін кенеттен кептіріп жіберді. Жеке аула иелері қуана қуана тырнауыш, сыпырғыштарын алып, тазалық орната бастады.

Көктем келісімен жыл сайын құраған шөп және басқа да өсімдіктерді өртеудің нәтижесінде өрттер саны артып, құтқарушылардың проблемасын көбейтеді. Біреулер құраған шөпті қасақана өртейді, біреулер отты сөндірмей тастап кетеді, ал кейбіреулер өшірілмеген темекі қалдығы немесе сіреңкені қураған шөпке тастайды. Бұл неге апарып соқтыратыны, қоршаған ортаға қалай әсер ететіні жөнінде адамдар мүлде ойланбайды. Аймақтағы өрт қауіпсіздігі, ТЖ ескертуге қолданылып жатқан шаралар жөнінде, сонымен қатар өрт қауіпті кезеңде өз қауіпсіздігіңді қалай қамтамасыз ету керегі жөнінде СҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Денис Шуваев әңгімелеп берді.

- Денис Валентинович, аймақтағы өрт қауіпсіздігі жағдайы жөнінде айта кетсеңіз?

- Бүгінгі күнге қаза болғандардың саны 10 адамға жетті. Қаза болу себептері: улы газбен улану, күйік алу. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, қаза болғандар саны артты. Бүгінгі күнге СҚО 344 өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8% артық. 2016 жылы олардың саны 316 құраған. Мамыр айында өрттер саны дәстүрлі түрде арта түседі, себебі өрт қауіпті кезең келеді: қар еріп, қураған шөп пайда болады, жанулар көбейе түседі. 5 орман өрті тіркелді: 3-і Айыртау ауданында, сонымен бірге Мамлют және Қызылжар аудандарында. Оларды орман шаруашылығы мекемелері табысты сөндірді.

-Өткен және оның арғы жылдарымен салыстырғанда жағдай өзгерді ме?

- Қазіргі сәтте оң өзгерістер байқалады. Өткен 3,5 жылда өрттер саны елеулі деңгейге кеміді. Егер 2016 жылы 706 өрт болса, 2015 ж.-770, 2014 ж.- 800 өрттер болған. Атақарып жатқан профилактикалық жұмыс өз нәтижесін беріп жатыр деген қорытындыға келдік.

-Қандай объектілерде өрттер жиі туындайды?

- 2017 жылы өрттердің басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алған- 79,5%, немесе 249 өрт, көлік құралдары екінші орында - 35%, одан кейін өндірістік имараттар, сауда кәсіпорындары, ауылшаруашылық объектілері, қойма, әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, құрылыс алаңдары. Ең жиі тұрғын үй секторы отқа оранады.

-ТЖ туындау себептері қандай?

- Көбінесе өрттер отпен абайсыздықтан, болып жатады, атап айтқанда адами факторға байланысты. Жиі кездесетін себептердің бірі- құрал-жабдықтарды жинақтау және қолдану ережелерін бұзу. Үшінші орында пештерді салу және қолдану барысында ережелерді бұзу болып табылады. Көбінесе өрттер тұрмыстық электр құралдары, газ жабдықтарынан туындап жатады.

- Денис Валентинович, халықпен қандай профилактикалық жұмыс өткізілетінін айта кетсеңіз?

- Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу- жанулар санын төмендетуге әсерін тигізетін жұмыстардың басым бағыттарының бірі. Өрт қауіпті кезеңнің алдында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын ұйымдастырамыз. Қызмет атқарудан тыс уақытта барлық жеке құрам аула аралап, азаматтарға нұсқаулық өткізеді, жаднамалар мен буклеттер таратады. Бүгінгі күнге жалпы 90 мыңнан астам халықты қамтумен 44 мыңнан астам аула араланды. Шалғай елді мекендерде ауылдықтарға жиналыстар өткізіледі. Бүгінгі сәтке 163 жиналыс өткізіліп, оларда 10 мыңнан астам халық қамтылды.

Жағдайы нашар отбасылар, әлеуметтік-бейімделмеген азаматтар, сонымен қатар халықтың мобилді емес санаттары- мүгедектер, қарттар айырықша санатқа жатқызылып, біздің назарымыздан тыс қалмайды. Біз жергілікті полиция қызметімен рейдтік шаралар өткіземіз. Бүгінгі күнге 1960 адамды қамтумен 162 рейд өткізілді, оның 99 рейді ЖПҚ-мен бірлесе ұйымдастырылды. Соңғы мәліметтер бойынша 63 мың жаднама таратылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында да сөз сөйленеді.

ТЖ мамандары мектеп оқушылары арасында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбы бойынша 5 интерактивті сабақ өткізіп, оларда 2000 астам оқушы қамтылды. Сонымен қатар экскурсия, ашық есік сияқты жаппай шараларды өткіземіз. 653 оқушы өрт сөндіру бөлімдеріне, өрт сөндіру ісінің мұражайына барып қайтты, олар біздің тарихымыз бен жұмысымызбен танысты.

-Жаз — өрт қауіпті кезең. Бұл шындық па және неліктен?

- Бұл шындық. Бұл жерде ең басты мәселелер- орман өрттері, алқаптардағы жанулар және терек мамығы. Орман кодексіне сәйкес, ормандағы өрттердің алдын алуды орман шаруашылығы мекемелері жүзеге асырады. Біз бұл жерде көмекшілер ретіндеміз. Біз азаматтарды, шөп, өткен жылдың қоқысын өртеу кезінде сақ болуға шақырамыз. Сақтана алмағандарды жазалаймыз.

Терек мамығы аудандарда байқалмайды, қалада терек көбірек болғандықтан, көбінесе қала зардап шегеді. Мұндай өрттердің алдын алу үшін баспада және радио тораптарында сөз сөйленеді.

- Өрт қауіпті кезеңде қарапайым халық қауіпсіздігін қалай қаматамасыз ете алады?

- Бұған жауабымыз дайын — өрт қауіпсіздігі ережелерін біліп, сақтау қажет. Үйіңізді ретке келтіріңіз: ескірген электр сымдарын ауыстырыңыз, электр желісіне күш түскенде сөніп қалатын автоматтарды жөндеңіз. Барлық солтүстікқазақстандықтарға айтатыным, электр желісіне күш түсірмес үшін қуат көп тұтынатын құралдарды бір сәтте бірнешесін қоспаңыз. Пештерді қалпына келтірңіз. Отпен абай болуды ұмытпаңыз. Сөндірілмей тасталған сереңке, темекі қалдығы, сөндірілмеген от- бұның барлығы өрттердің негізгі көздері болып табылады. Барлық жерде өртке қарсы тәртіпті сақтап, әрине балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету қажет.

Евгения Корешкова, Дарья Пышмынцева,
М. Қозыбаев атындағы СҚИУ 3-ші курс студенттері
«Журналистика» факультеті

14.06.2017
Қараулар: 176