Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Табиғи апаттар абайсыздан келмеуі үшін

Адам өмірлік тәжірибесін дамыту барысында Жердің ажарын өзгертеді. Жаңа қалалар, гидроэлектростанциялар, темір жол мен автомобиль жолдары және т.б. салынды. Алайда, жердің пайда болуынан бастап, табиғат күшінің ашуы ғаламшар халықтарын әлі де сынауда. Дауылдар мен қатты желдер адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Жер сілкінісі сейсмо қауіпті аймақтарда, сел-тауларда, цунами мен мұздың еруі сулы жерлерде болады. Атмосфера ғаламшардың барлық жерлерінде бар, бірақ тұрақты емес. Осыдан орасан зор күшімен әлемнің барлығын қирататын дауыл-желдер пайда болады. Адамзат бұл сұрапыл күштен ғасырлар бойы зардап шегуде. Әріне, желдердің барлығы адамға қауіп төңдірмейді. Жалпыға бірдей қабылданған Бофорт шкаласы бойынша қауіпті аймақтардағы желдің жылдамдығы 20 м/сек. (70 км/сағ.аса) ұзақтығымен ерекшеленеді.

Бұл шекарадан басталатын желдер «штормдық желдер» деп аталады. Оның мынадай белгілері бар: ағаштар сынады, жеңіл заттар орнынан жылжиды, құрылыстар мен шатырлар қирайды, ең қаттысы айналадағы барлығының қирауы. Жер сілкінісі белгілерімен ұқсас бақытсыз апаттар дауылдан ғана болады. Ал дауылдың қозғалуы 32 м/сек. артық (105 км. сағ. артық) жылдамдығына тең.

Солтүстік Қазақстан үшін желді ауа райы мен қатты және дауылды желдер ерекше болып көрінбейді. Олар облыстың аумағында жиі қожалық етіп, солтүстік қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп төңдіреді. Көбіне өзінің қатты мінезін табиғи апаттар көктем мен жаз маусымдарында көрсетеді.

Жоғарыда айтылған ақпарат табиғи апат кезінде сақтау шараларын жасау керек екендігіне ой салады. Себебі бұл дауыл мен желдер абайсыздан келіп, көптеген бақытсыз жағлдайларға душар етуі мүмкін. Табиғи апаттар жайлы жергілікті синоптикалық қызметтер алдын - ала ақпарат беруі әбден мүмкін, ал кейде оны анықтау қиынға соқтырады. Радио мен телевизия арқылы апаттардың болуы, қолданылатын ережелер мен іс-әрекеттер жайлы айтылады. Осындай ақпаратты алу барысында үйлер, құрылыстар, адам болатын әрбір жерлердің қауіпсіздік деңгейін тексеру шараларын өткізу керек. Ерекше желді жерлердегі ғимараттардың терезелерін, шатыр ішін, ауаны жаңартатын құралдарын, есіктерін жабу қажет. Керасин лампаларымен, азық-түлікпен, майшамдармен, дәрі-дәрімекпен, ауыз суымен жабдықталу керек екендігін ескертеміз. Пәтерлерде электр, газ, су каналдарын сөңдіру қажет. Ересек адамдарға жарақаттар мен контузия алғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмекті есіне түсулері тиіс.

Егер боран мен дауыл жайлы сигнал берілсе, бірден ғимараттағы ерте дайындалған жерге барып отыру керек. Үйлерде терезелердің қастарында тұрмай, қабырғаға тірелу қажет. Тығылуға мықты жиһаз бен қабырғаға тұрғызылған шкафтар әбден лайық. Егер сіз стихиялы апат кезінде далада болсаңыз, ғамараттардан ары қарай тұрып, жерге жату қажетсіз. Құйын жақындаған кезде автобус, автомобиль, троллейбустан (егер сонда болсаңыз) шығып, жер асты подвалдарына баруыңыз керек. Табиғи апаттар кезінде ядорлық аймақтарда, көпірлерде, жеңіл жанатын (химиялық, мұнай өндіру, сақтау ошақтары) аймақтарда болу өте қауіпті. Даулар мен борандар найзағаймен жиі келеді, сондықтан электрлі құралдардың қасында болмау да негізгі шарт. Апат барысында сынулы ғимараттарға кіру тыйым салынған. Егер сіз ғимараттың баспалдағының, қабырғаларының дұрыстығына сенімді болсаңыз ғана кіре аласыз. Қауіпсіздік ережелір дұрыс білсеңіз ғана, бұл апаттарға қарсы төтеп бере аласыз.

Сөз сонында «жамандықтан алдын-ала сақтану керек» деген халық даналығын айтқымыз келеді. Әрбір солтүстікқазақстандық өз өмірін сақтап қалғысы келсе, ТЖ жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережерін білу және оларды қолдана білуі тиіс.

ҚР ІІМ ТЖК СҚО ТЖ департаменті
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы Евгений Журавлёв

09.06.2017
Қараулар: 249