Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
Адамдарды құтқарғаны үшін үлкен рахмет

Өрттің қарапайымы және күрделісі болмайды, әрбір өрт- үлкен қасірет, өйткені ол күтпеген жерден шығып, ойран салады. Отқа қарсы тұру тек әрдайым көмекке келуге дайын тұратын, қатерге бас тіге алатын өжет адамдардың қолынан ғана келеді.

СҚО ТЖД басшылығының атына Петропавл қаласының тұрғындары Наталья Кривченко, Екатерина Жулдыбина, Айбек Уразбаев, Елена Боровских және Алавердовтар отбасынан Шухов көшесі,30 мекенжайында орналасқан жатақханада болған өртті сөндірген өрт сөндірушілерге ризашылықтарын білдірген алғыс хат келіп түсті.

Бес қабатты жатақханадағы өрт ағымдағы жылғы 9 маусымда орын алды. Таңғы сағат тоғыздар шамасында үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде от шығады. Төтенше оқиға орнына «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ №1 ӨСБ, №2-МӨСБ, №3-МӨСБ үш өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері келіп жетті.

Бірінші кезекте өрт сөндірушілер күштерін адамадарды құтқаруға жолдады. Сол күнгі таңда 13 адам құтақрылды, оның ішінде 11 бала бар, 59 адам эвакуацияланды, оның ішінде де 19 бала болды. Аумағы 24 шаршы метрді шарпыған өрт бір сағаттың ішінде жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 5 бірлік техника тартылды.

«Шұғыл ден қойылып, адамдарды құтқарғандары үшін үлкен рахмет», - деп Наталья Кривченко жазған екен. - «Мен өрттің ортасында қалып қойдым, өрт сөндірушілер мені оттан шығарып, құтқарды. Жігіттер өз жұмысын тамаша атқарды!».

«Шухов көшесі,30 мекенжайындағы өртті сөндіру және адамдарды құтқару кезіндегі білікті іс-әректтері үшін алғыс білдіреміз». –дейді Екатерина Жулдыбина. – Екатерина Жулдыбина былай дейді: «Өрттің ортасында қалған менімен бірге тұратын күйуім мен баламды өрт сөндірушілер құтқарып, таза ауаға шығарды».

«Өрт кезінде біздің Давид, Ангелина, Богдан үш баламыз және күйеуім екеумізді құтқарды. Өрт сөндірушілердің кәсіби икемі мен жедел іс-әрекеттерінің арқасында өрт уақытында жойылып, үй тұрғындарының өмірлері тілсіз жаудан арашаланды. Өрт сөндірушілердің батылдығы мен кәсібилігіне ризамыз», - деп өрт сөндірушілердің жұмысы туралы Роза және Александр Алавердовтар өз пікірлерін де білдірген.

Бұған қосарымыз өрт сөндірушілер үшін құтқарылғаны адам өмірі мен қатерлі жұмыстарына берілген ризашылықтар үлкен марапат болып табылады. Өздерінізді және жақындарынызды қамқор болыңыздар, өрт шыққан жағдайда «101» және «112» номерлеріне хабарласыңыздар.

Адамдарды құтқарғаны үшін үлкен рахмет Адамдарды құтқарғаны үшін үлкен рахмет Адамдарды құтқарғаны үшін үлкен рахмет Адамдарды құтқарғаны үшін үлкен рахмет

СҚО ТЖ Департаментінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

14.06.2017
Қараулар: 289