Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
СҚО Ақжар ауданы: шомылу маусымында қауіпсіздіктің күзетшісінде

Облыстың су айдындарында болған оқиғалар жайлы талдауы бойынша, жылдың басынан 23 адам ТЖ садақасы болған, олардың ішінде 15 адам 3 бала шомылу кезінде батып кеткен.

Өкінішке орай жоғары айтылған оқиғаларының бірі Ақжар ауданында тіркелген. Маусым айының соңғы күндерінде Талшық ауылының қасындағы Шат өзенінде жас адам батып кеткен, 2000 туған жылы.

Ағымдағы жылдың шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, Ақжар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жергілікті полиция қызметімен бірге демалыс және мерекелік күндері Ақжар ауданының су айдындарында бірлескен рейд жүргізеді.

Қазіргі күні 23 рейд өткізілді, оның барысында 152 дана жадынамалар мен парақшалар таратылды. Жергілікті атқарушы органдарымен және азаматтық қорғау қызметкерлерімен 11 тиым салу белгілері орнатылған. Жүргізілген рейдттер нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364-бабына сәйкес 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, ересектердің балаларды қараусыз қалдыру фактілері анықталған кезде ата-аналармен мұндай жағдайларды болдырмау үшін профилактикалық жұмыс өткізіледі.

Судағы қауіпсіздік шараларды ұстау үшін, келесі ережелерді біліңіз:

  • жартастар мен мұнарадан судың түбін тексермей секірмеңіздер;
  • суда қауіпті ойындар жасамаңыздар;
  • егер жүзу білмесеңіз үрмелі матраспен және дөңгелекте жағадан алысқа жүзбеңіздер;
  • су қасында тұрған балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
  • мас күйінде суға түспеңіздер;
  • аса суынуға және аса қызынуға болмайды! Тамақ жегеннен кейін 1,5-2 сағатқа үзіліс жасаңыз! Судың температурасы 18 градустан, ауа температурасы 22 градустан төмен болғанда суға түспеңіздер;
  • дауылды ауа райында суға түспеңіздер! Толқыннан сақтаныңыздар!

СҚО Ақжар ауданы: шомылу маусымында қауіпсіздіктің күзетшісінде

СҚО ТЖ Департаментінің Ақжар ауданының
ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау майоры Қалиев Сырым

10.08.2017
Қараулар: 234