Солтүстiк Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментi
KZ RU
19 қазан — Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылған күні

Биылғы жылы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің барлық қызметтері 22 жылдық кәсіби мерекесін атап өтуде.

1995 жылғы 19 қазан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың № 2045 Жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды және бұл күн Қазақстан Республикасы ТЖ қызметтерінің құрылған күні болып жарияланды. Бұл — тарихи күн.

Өзінің кәсіби мерекесін Жамбыл ауданының № 11 өрт сөндіру бөлімінің ұжымы іскерлік көңіл-күймен жақсы қарсы алады. Қазіргі уақытта жеке құрам өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдірумен айналысады, ауданның және обылыстың қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысады. Жыл сайын жазғы кезеңде «СҚО ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінде облыстық әр түрлі спорттық жарыстар өткізіледі, онда Жамбыл ауданының Пресновка ауылы 11-ӨСБ және Благовещенка ауылының өрт сөндіру бекетінің спортшылары жүлделі орындарға ие болып, жоғары нәтижелер көрсетіп, кәсіби шеберлік танытуда. №11 өрт сөндіру бөлімінің негізгі спорттық командасының құрамына Сайран Хамзин, Руслан Мукушев, Жандос Қазкен кіреді. Дене бітімін жақсы сақтау үшін бөлімнің аумағында оқу мұнарасы, кедергілер бар жолақ, спорттық снарядтар бар, онда қызметкерлер жаттығулар өткізеді. Дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру кезінде қызметкерлердің көпшілігі жақсы нәтижелер көрсетеді.

Мінсіз қызметі, өздерінің функционалдық міндеттерін адал орындағаны үшін Қазақстан Республикасы ТЖ қызметтерінің құрылған күніне орай ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталуға ұсынылады. «СҚО ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің құрмет тақтасында аға жүргізуші-қызметкер Ринат Сүлейманов облыстың ең үздік қызметкерлердің бірі болып табылды.

Сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғау бойынша жауынгерлік тапсырмаларды адал орындаған қызметкерлерді атап өткім келеді, олар: жүргізуші-қызметкерлер Юрий Личаченко, Виталлий Кокорин, Бауыржан Мағзұмов, өрт сөндірушілер: Ғафур Ізтөлин, Ербол Рамазанов, Ержан Мұхаметқалиев.

Тек 2017 жылдың басынан бастап өрт сөндіру бөлімі мен Благовещенка ауылын қорғау бойынша бекеттің кезекші қарауылдары дабыл бойынша барлығы 67 рет жедел шығу жасады, оның ішінде 20 өртке, 13 авариялық-құтқару жұмыстарына, 34 рет құрғақ шөп пен қоқыстың жануына шықты, Жамбыл ауданының 11-ӨСБ бөлімшелері жеке құрамының жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде барлық төтенше оқиғалар уақтылы жойылды. Өрттен болған жалпы шығын 2,5 миллион тенгені құрайды.

Өрт сөндіру бөлімі мен бекетінің қызметкерлері аумақты абаттандыру, қызметтік және тұрмыстық жайларды жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды. Бөлімнің материалдық-техникалық базасы да жақсаруда. Жыл сайын аудан бөлімшелерінің автопаркі жаңартылады, 2016 жылғы қараша айында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін «КамАЗ» базасында жоғары өтімділіктівахталық автобус келіп түсті.

Құтқарушылар күні мерекесінің қарсаңында азаматтық қорғау органдарының барлық ардагерлерін, жеке құрамды кәсіби мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, отбасында береке және ТЖ алдын алу және жою, өрт сөндіру ісінде табыс тілеймін.

19 қазан — Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылған күні 19 қазан — Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылған күні 19 қазан — Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау қызметтерінің құрылған күні

Жамбыл ауданының Пресновка а.
№ 11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі
Ермек Ақтанов

11.10.2017
Қараулар: 97